26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Өзімді өзгерте аламын ба?

Өзімді өзгерте аламын ба?

Ғибратнама
Жарнама

Өзгерте аласыз! Психолог ғалымдар адам егер айнаның алдында тұрғанда немесе белгілі ортада жүргенде жасанды болса да күлімсіреп жүретін болса, көңіл-күйі жақсаратынын айтады.

Дәл солай жасанды мұңайып жүретін болса, көңіл-күйінің төмендейтінін алға тартады. Бұл, әрине, толық дәлел болмаса да, адамның өзін өзгерте алатынын көрсетеді.

Адам өзін жақсы жаққа қарай өзгертпейінше, дұрысталуы өте қиын. Әсіресе рухани тұрғыдан.

Бірақ өзін дұрыстау қашан да кеш емес және адамның бұған шамасы жетеді. Адам қашан өзін қолға алып, тани бастаса, рухани тұрғыдан дами түседі, әрі басындағы көп қиындық оңай шешімін табады.

Өзін танып, бойындағы артықшылықты одан әрі дамытуға, кемшілікті түзетуге тырысқан адам басқалардың кемшілігіне түсіністікпен қарап, қажет жағдайда көз жұма да біледі.

Бұл – үлкен жетістік, адамды бақытты ететін фактордың бірі. Бұл дұниеде ғана емес, екі дүниеде де.

Ең бастысы, үмітсіздікке салынбаңыз.

материал «Ең бақытты әйел» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: