Яһудилерде сексен сандық кітап жинап, бірақ сол білімнен пайда алмаған бір кісі болыпты. Сонда Алла Тағала сол замандағы пайғамбарға былай уахи етіпті:
«Әлгі кітап жинаушыға айт! Қанша көп жинасаң да мына үш нәрсені істемей білімің еш пайда бермейді:
1. Дүниені сүйме, ол мүміннің мекені емес.
2. Шайтанмен дос болма, ол мүміннің досы емес.
3. Ешкімге зарар берме, ол мүміннің ісі емес...»
ҚМДБ ұстазы Бауыржан Әлиұлының парақшасынан