26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тәубе мен құдайшылдық бізге не береді?

Тәубе мен құдайшылдық бізге не береді?

Ғибратнама
Жарнама

Алла Тағала сабырлық сақтап, Өзінен үміт үзбеген құлдарын жақсы көреді. Себебі, «Алла көп нәрсеге кешірім етеді» («Шура» сүресі, 30-аят). Әбу Һурайра (оған Алла разы болсын) мына бір жүрек сыздатар оқиғаны жеткізген:

«Бір күні жаныма бір әйел келді. Сөйтті де: «Мен зина күнәсін жасадым. Одан туған баланы өлтіріп тастадым. Енді мен үшін тәубе етуге мүмкіндік бар ма?» деді. (Мен күнәнің ауырлығына қарап): «Жоқ, сенің тәубең енді қабыл болмайды дедім. Әлгі әйел: «Әй, сорлы басым-ай, сонда менің шынында да тозаққа күю үшін жаралғаным ба?» деп еңкілдеп жылап қоя берді. Жылап-жылап үйіне қайтты. Ертесіне болған жайдың бәрін Алла Елшісіне (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) түгел жеткіздім. Сонда Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) қабағын шытып: «Сен не істеп қойғаныңды білесің бе? Сен Құрандағы мына аятты оқып жүрген жоқсың ба деп «Фурқан» сүресінің мына аяттарын оқып берді: «Кімде-кім тәубе етсе, сондай-ақ кім иман келтіріп, ізгі іс істесе, міне, Алла олардың жамандықтарын жақсылықтарға ауыстырады. Алла – өте Жарылқаушы өте Мейірімді. Кімде-кім тәубе етіп, түзу іс істесе, рас ол, Аллаға лайықты түрде қайтқан болады» («Фурқан» сүресі, 63,71-аят.) Мен дереу әлгі әйелді тауып алып, осы аятты оқып бердім. Әйел: Маған шығатын қақпаны көрсетіп берген Аллаға шүкір» деп сәждеге бас қойды.

Міне, бұл оқиға Ислам дінінде Алладан кешірім тілеп, тәубеге келудің қаншалықты маңызды екенін білдіреді.Құранда: «Ол  құлдарының тәубесін қабыл етеді де, күнәларын кешіреді. Әрі не істегеніңді біледі», – деп баян еткен («Шура» сүресі, 25-аят). Сіздің адамдарға жасаған жақсылығыңызды да, зұлымдықтарыңызды да Алла Тағала біледі. Біз қандай сөз айтсақ та, қандай (дұрыс, бұрыс) амал жасасақ та, ертең Оның алдында сұраламыз. Ешнәрсе сұраусыз қалмайды. Алайда, жасаған күнәларыңыз үшін дер кезінде тәубеңізге келіп, Алла Тағаладан кешірім сұрай біліңіз, көбірек Аллаға тәубе етіңіз. 

ummet.kz

Бөлісу: