Пәкістандық дәрігер Ишан Хусейни медицина саласында жасаған ерен еңбегі үшін марапат алуға халықаралық бір конференцияға бара жатқан еді. Ұшаққа отырады.
Бірақ ауа райы күрт өзгеріп, найзағай ойнағандықтан ұшақ ең жақын жердегі әуежайға қонуға мәжбүр болады. Бұдан кейінгі ұшақ 16 сағаттан соң ұшатын еді. Ызалы түрде:
«Ол конференцияға міндетті түрде үлгеруім керек. 16 сағат күте алмаймын» дейді ашуға мінген дәрігер. Әуежай қызметкерлері баратын қаласы 6 сағаттық жерде екенін, қаласа машина жалдаn бара алатынын айтты. Хусейни асығыс жолға шығады, бірақ қатты жаңбыр жолды көрсетпей, ақыры соңында селдің салдарынан көлік жолда жүре алмайтын жағдайға жетті.
Дәрігер жолдың шетіндегі ескі бір үйдің есігін қағып, жылдам ішке кірді. Үйде қарт бір әйел отыр еді. Дәрігер асығыс түрде оған: «Телефоныңды бере тұршы, қоңырау шалуым керек», деген кезде әйел: «Балам-ау, көрмей тұрмысың? Бұл жерде телефон түгілі электр қуаты да жоқ. Келе ғой біраз демал, тамақ іш, шәй іш содан кейін ол жұмыстарыңды көре жатарсың», - дейді. Жігіт шарасыз түрде қарт кісінің айтқандарына келісіп, біраз жылынып, тамақтанып болып шәй ішіп отырған уақытта әйел кісі намаз оқып, ұзақ дұға етіп, Аллаға жалбарынды. Хусейни назар салып қарап әйелдің бір бесікті тербетіп жатқанын және бесікте қимылсыз кішкентай нәрестенің жатқанын көрді. «Мұншалық жылап дұға қылардай не жағдай болды? Мынау кімнің баласы, апатай?" – деп сұрайды. Қарт әйел: "Бұл – анасынан да, әкесінен де жетім қалған немерем. Ауыр дерті бар. Жақын маңайдағы ешбір дәрігер емін таба алмады. Ишан Хусейни деген дәрігер бар екен, емін тек сол біледі дейді. Бірақ ол өте алыста, оған жету үшін бірнеше күн жол жүру керек. Шарасыздан «Алла бұл сәбидің дертін жеңілдеп, шuпасын берсін» деп Аллаға дұға қылудамын.
Сол сәтте дәрігер Хусейни көз жасына ерік берген еді, екі бетін жас жуған күйі: «Орныңнан тұрa ғой апатайым, Алла сенің дұғаңды қабыл қылды. Сенің дұғаң көкте найзағай ойнатыn, ұшақты жерге қондырды, аспаннан жаңбыр жауғызып, жер жүзін селге айналдырып, мені сізге алып келді» деген екен. Алла құлдарына қалағанын осылайша береді.
ummet.kz