Пайғамбарымыз (с.а.у.) былай дейді: «Сендерден біреуің Алладан ризық тілегенде, халалын сұрасын». (Суюти, «әл-Жамиғ ус-Сағир»)
1. ӘДІЛДІК ӘДЕМІ:
Бірақ әміршіде одан да әдемі. Өйткені, бір кісі жәбірленгенде бұл зұлымдықты басшы реттейді.
2. ЖОМАРТТЫҚ ӘДЕМІ:
Бірақ байларда оданда әдемі. Өйткені, олар жомарт болса қиындықсыз көмекке қол жетеді.
3. УӘРАҒ (КҮМӘНДІ НӘРСЕДЕН САҚТАНУ) ӘДЕМІ:
Бірақ ғалымдарда одан да әдемі. Өйткені, адамдар соларға қарап бой түзейді. Көп ісінде соларды өрнек қылады.
4. САБЫР ӘДЕМІ:
Бірақ кедейлерде одан да әдемі. Өйткені, сабырдың арқасында сауап табады әрі жаны тыныш табады.
5. ӘРКІМНІҢ ТӘУБЕ ЕТУІ ӘДЕМІ:
Бірақ жастардың тәубеге келуі одан да әдемі. Алла Тағала тәубе еткен жастарды жақсы көреді.
6. ҰЯТ КІМДЕ БОЛСА ДА ӘДЕМІ:
Бірақ әйелдерде одан да әдемі...
ummet.kz