Адамның көзі мен құлағы тек қана жамандыққа елеңдеп қалғасын санасында да жамандық ұялайды.
Адамның құлағы нені көксейді?
Мен жақсы нәрселерді тыңдағым келеді. Шанағыма ғибратты тәмсілді, өнегелі бар сырды жинағым келеді. Өсек пен өтіріктен аулақ жүргенді қалаймын. Хикмет іздеген жанның қызметіне жараймын, – дейді.
Адамның көзі не деп армандайды?
Мен жақсы нәрсені көргім келеді. Дүниенің көркем және ғажап сыйларын тергім келеді. Арамнан сақтанып, адалға шаттанамын. Дүниенің неше түрлі көрінісін түйіп алып, ми мен жүрекке ақтарамын, – дейді.
материал «Мың сұрақ» кітабынан алынды,
ummet.kz