26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Қиындықтағы мұсылманның бірінші амалы

Қиындықтағы мұсылманның бірінші амалы

Ғибратнама
Жарнама

Құранда адам баласының әлсіз жаратылғандығы айтылады. Ауырса шипаға, қиындыққа ұшыраса қорғанға, құтқарушыға, қарызға батса, ақшадан тарықса байлыққа, қателессе тәубеге мұқтаж.

Және мұның бәрі де адамға уайым-қайғы сыйлайды. Жүрегінің тыныштығын алады. Ал ой мен жүрек тыныш болмаса, барлық нәрсенің берекесі қашады.

«Мықты діндар, Алла алдында әлсіз діндардан жақсы әрі Аллаға сүйкімді, дегенмен екеуінде де хайыр (игілік) бар. Өзіңе пайда әкелетінге талпын да, әлсіз болмай Алладтан көмек сұра. Егер саған бір қайғы келсе: «Әттеген-ай осылай да осылай істесем еді..» – деме, бірақ: «Бұл Алланың жазмышы, Алла қалағанын істеді», - де. Өйткені «егер де..», деген сөзің шайтанның ісіне жол ашады» (Муслим)

Дұғаңды Алланың көркем есімдерімен жаса! Алланың көркем есімдерімен дұға жасаған адамның дұғасының қабыл болу мүмкіндігі жоғары. Мәселен, ризық сұрағысы келген адам «Я, Раззақ!», шипа сұрағысы келген «Я, Шәфи», көмек сұрағысы келен «Я, Насыр» деп сұрайды. Хадисте, әл-Қайиум», «әл-Хайю», «Зуль-жәләли уә әл-Икрам» есімдерімен дұға жасаудың абзалдығы айтылады: «Аллаға әрдайым және жиі мына сөздермен дұға жасаңдар: «Я, ұлылық пен жомарттық Иесі…» (Зуль-жәләли уә әл-Икрам) (Тирмизи).

ummet.kz

Бөлісу: