07
Бейсенбі,
Қараша

һижри

Мансапқұмарлықтан құтылғандар

Ғибратнама
Жарнама

Адамға берілетін ең үлкен сынақтардың бірі – мансапқақұмарлық. Кейде тағдырдың жазуымен сізден жиырма жас кіші біреу келіп сізге басшылық етуі мүмкін. Мұндай кезде бағынышты кісі тәкаппарлыққа салынбай, әрқашан басшыға бағынуы керек. Әйтпесе әлгі кісі пасықтыққа баруы мүмкін.

 Усама ибн Зәйдті еске алайық. Пайғамбарымыз(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) көз жұмардан аз уақыт қана бұрын Рим империясына қарсы әскер жасақтап, оған қолбасшы етіп он сегіз жасар Зәйдті қояды. Хазіреті Әбу Бәкір, Омар секілді сахабалар сол әскерге қарапайым жауынгер болып қатысты. Бірақ әскер қаладан шығып кеткеннен кейін пайғамбарымыздың қайтыс болған хабары жетіп, әскер кейін қайтып, Зәйд туды пайғамбар босағасына әкеп қояды. Осы кезде Сақифа тайпасы Әбу Бәкірді халифа сайлайды. Әбу Бәкір болса пайғамбарымыздың(оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бастаған ісін аяқсыз қалдырмай, әскерді Мәдина сыртына қайта шығарып салады. Сөйтеді де немересімен жасты (пайғамбарымыз тағайындаған) қолбасшы Зәйдке келіп: «Омарды қасыма көмекші етіп алуыма бола ма?» деп рұқсат сұрайды. Мүминнің көрінісі, міне, осындай болса керек.

Кім болса да бір істің басшысы болса, онда мүмин секілді әрекет етіп, ешқашан да ол жайлы жаман ойламау керек. Әйтпесе Исламға зиян келтіреді. Пайғамбарымыз бір хадисінде:

اسْمَعُوا وَأَطِيعُوا وَإِنْ اسْتُعْمِلَ عَلَيْكُمْ عَبْدٌ حَبَشِيٌّ كَأَنَّ رَأْسَهُ زَبِيبَةٌ

“Сендерге басшы етіп тағайындалған адам шашы бұйра зәңгі құл болса да тыңдап бағыныңдар” (Бұхари, Ахкам4) дейді. Әйтпесе әркім өз білгенімен әрекет етсе, бүлікке себеп болады. Сондықтан өзінің мансапқұмар нәпсісімен күресіп, алдымен өзін есепке тартып, берілгенге риза болу керек.

Бөлісу: