26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тақуалық пен бақытсыздық бірге емес

Тақуалық пен бақытсыздық бірге емес

Ғибратнама
Жарнама

Мына алты амалды жасаған адам бақытсыз болмайды:

1. Анаға сый-құрмет көрсету бақытсыздыққа ұрындырмайды. Иса пайғамбар былай деген: «Мені анама мейірімді етіп, бір озбыр әрі бақытсыз қылмады» («Мариям» сүресі, 32-аят).

2. Бақытсыздық дұғамен бір жерде болмайды. Зәкәрия пайғамбар былай деген: «Раббым, Саған дұға етумен бақытсыз болған жоқпын» («Мариям» сүресі, 4-аят).

3. Құранмен бірге бақытсыздық бас қоспайды. Алла тағала былай деген: «Саған Құранды бақытсыз болуың үшін түсірген жоқпыз» («Таһа» сүресі, 2-аят).

4. Алланың тура жолын таңдаған адам бақытсыздықтан қашық болады. Алла Тағала былай деген: «Кім тура жолыма ілессе, сонда ол адаспайды да, бақытсыздыққа ұрынбайды» («Таһа» сүресі, 123-вят).

5. Алладан қорқу бақытсыздықтан алыс қылады. Алла Тағала былай деген: «Кім Алладан қорықса, үгіт-насихат алады. Ал, ең бақытсыз болған ғана өзін аулақ ұстайды» («Әғла» сүресі, 10-11-аяттар).

6. Тақуалық пен бақытсыздық бірге емес. Жаратушы Иеміз былай деген: «Сондықтан сендерге жалындаған отты ескерттім. Оған тек ең бақытсыздар ғана кіреді. Сондай, өтірікке деп бет бұрғандар. Ал тақуалық болған одан алыстатылады» («Ләйл» сүресі, 14-14-аяттар).

ummet.kz

Бөлісу: