26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құранды не үшін оқимыз?

Құранды не үшін оқимыз?

Ғибратнама
Жарнама

Құранды не үшін оқимыз? Тек сауап табу үшін бе? Әлде Рамазан айы үшін бе? Ол да жақсы. Бірақ онда Құранның өзге көп жақсылықтарынан құр алақан қаламыз ғой. Енді не істейміз?

Құранды қолға алғанда мынадай мақсаттар жадымызда болсын:

  • Құраннан білмегенді үйреніп, оны амалға асыру;
  • Өзі және жақсындары үшін тура жолды танып және туралықтан адаспас үшін;
  • Алладан алыс, зікірден қалыс қалатын ғапыл топтан болмас үшін;
  • Сыртқы және ішкі, рухани және дене дерттеріне шипа табу;
  • Құран жүректі жұмсартушы, тыныштандырушы, шайтанның азғыруы мен уайымды кетіруші;
  • Алла Құранмен қайғыны қуады, күйзелісті күйретеді;
  • Құран оқыған пенденің мұқтаждықтары өтеледі, дұға-тілектері қабыл болады;
  • Құран – мінәжат. Иман қуаттаушы, берік сенім ұялатушы;
  • Құран оқыған адам Аллаға жақын, Алламен бірге;
  • Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өсиетін орындау;
  • Алла үнемі Құран оқитын адамға әдептілік пен жұмсақтық, көркем мінез бен жүзіне нұр сыйлайды;
  • Әр әріпін оқып, кемі он сауап алу. Алла оны қалағанынша еселей береді;
  • Құран қабырде серігім болсын, қыл көпірде жол көрсетуші нұрым болсын деген ниетпен оқу;
  • Тозақтан, Алланың азабынан құтылу;
  • Жәннатқа кіру, Жәннаттың дәрежелерінде биіктеу.

Құранмен өміріңіз мәнді болсын, жүзіңіз иманды болсын, жүрегіңіз мейірімге толсын!

ummet.kz

Бөлісу: