26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жәннаттың есігін қалай қағамыз?

Жәннаттың есігін қалай қағамыз?

Ғибратнама
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Жәннаттың қақпасын жиі қағыңыздар!» – дейді. Сонда Айша анамыз (р.а.): «Жәннаттың қақпасын немен қағамыз?» – деп сұрайды. Пайғамбарымыз да: «Аштықпен және шөлмен», – деп жауап береді.

Аз тамақтанған жанның ұйқысы да жеңіл болады және аз ұйықтайды.

Аз ұйықтағандығы үшін де түнгі ғибадаттарына бөлетін уақыты да болады. Пікір және зікірмен айналысу арқылы жоғары дәрежелерге жетеді.

Көп тамақтанатын адамды ұйқы басады және көп ұйықтайды.

Өлі секілді серейіп жатады.

Қадірлі өмірінің көп бөлігін босқа өткізген болады.

Аз тамақтанған адам қанағатшыл болады.

Іліммен және амалмен айналысуға уақыты көп болады.

Көп тамақтанатын адам уақытының көбін сол тамағына қол жеткізу үшін сарп етіп, уақытын ысырап қылады.

 

Әбу Сүлейман әд-Дарани былай дейді: «Тоя тамақ жеген адамда мына халдер пайда болады:

– Ғибадаттан ләззат алмайды;

– Құран жаттауы және жаттағандарын ойында сақтауы қиындайды;

– Әркімді өзі секілді тоқ деп ойлағандығы үшін адамдарға деген мейірімділік сезімі азаяды;

– Жүрегі қатаяды.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Аз күлумен жүректеріңді тірілтіңдер. Аштық және аз жеумен тазаланыңдар. Өйткені, жүрек аз жеумен саф және жұмсақ болады» - деді. Иә, аз тамақтанудан ой-пікір мен жүректе сезімталдық пайда болады. Бұдан адам зікір мен дұғаның ләззатына қауышады. Соңында сол зікір мен дұға ету арқылы Жәннаттың есігін қағып, бір қадам жақындайды.

ummet.kz

Бөлісу: