26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тұрмысқа шығу үшін оқылатын дұға

Тұрмысқа шығу үшін оқылатын дұға

Ғибратнама
Жарнама

Жаратушы Алла Тағала Өзіне қол жайып дұға жасайтын пенделерін жақсы көреді және, әлбетте, Алла дұға мызға міндетті түрде жауап береді.

Бұл туралы Ол «Ғафир» сүресінің 60-аятында: «Менен сұраңдар, жауап беремін, тілектеріңді қабыл етемін», - деген. Ал тұрмысқа шығу үшін оқылатын Құрандағы дұғалар мыналар:

1. Раббә-нәә һәб-ләнәә мин әзуәә-джи-нәә уә зурри-иәәти-нәә қурратә әъюниу уәдж-ғәл-нәә лил-муттә-қии-нәә имәәмәә.

Мағынасы: Раббымыз! Жұбайларымызды және ұрпақтарымызды көзіміздің қуанышы ет әрі бізді тақуалардың алды ете гөр!
(«Фұрқан» сүресі, 74-аят)

2. Рабби иннии ли мәә әңзәлтә иләй-йә мин хайрин фәқиир.

Мағынасы: Раббым! Ақиқатында мен Өзің маған түсірген кез келген жақсылыққа мұқтажбын. («Қасас» сүресі, 24-аят)

Құлының тілегіне жауап қатушы (Әл-Мужииб) Алла Тағала еліміздегі әр бозбала мен бойжеткенге өз жұбын адаспай табуды, салиқалы ұрпақ сүйіп, өсіп-өнуді нәсіп етсін!

ummet.kz

Бөлісу: