25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбардың (с.ғ.с) Ережеп айында оқыған дұғасы

Пайғамбардың (с.ғ.с) Ережеп айында оқыған дұғасы

Ғибратнама
Жарнама

Ережеп – берекелі әрі ұлық ай. Ондағы аз ғана ізгі іске көптеген сауаптар беріледі, құлшылықтар мен дұғалар қабыл болады. Алла елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Бес түн бар, онда дұғалар кері қайтарылмайды. Олар – Ережеп айының алғашқы түні, Шағбан айының жартысындағы түн, Жұма түні, Ораза және Құрбан айт түндері», – деген (Ибн Асакир).

Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында ораза тұтқан. Сахабалар Ережеп айы басталғанда пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) ораза тұтқанын көріп, енді ауыз ашпаса керек, ал аузы ашық жүргенде, ораза тұтпаса керек деп ойлаған.

Сондай-ақ, Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) Ережеп айында көп истиғфар айтуға (кешірім тілеуге) үндеген. Ережеп айы басталғанда Алла Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, Алла! Ережеп және Шағбан айларында бізге береке бер, бізді Рамазан айына жеткізе гөр!» – деп дұға еткен (Бәйһақи, Табарани).

материал «Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) таңғы және кешкі дұғалары»

кітабынан алынды,

ummet.kz


 

 

Бөлісу: