27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Бауыржан Момышұлының келініне айтқан 6 алтын өсиеті

Бауыржан Момышұлының келініне айтқан 6 алтын өсиеті

Ғибратнама
Жарнама

Зейнеп Ахметованың "Бабалар аманаты" кітабында "Атаның маған айтқан ақыл сөздері" атты тарау бар. Бұл тарауда автор Бауыржан Момышұлының насихат сөздерін жариялаған. Біз бүгін Бауыржан Момышұлының келініне айтқан ақыл сөздерінен үзінді ұсынып отырмыз.

1. Анаған да, мынаған да таңғаласың да жүресің. Соған кеткен қуатыңды, уақытыңды өзгені таңғалдыруға жұмсамайсың ба ?! Меніңше, сенде оған жететін күш-қуат бар.

2. Алатын кезде - алға озып, беретін кезде артта бұғып қалатын, алғаны мен бергенін жіпке тізіп санайтын адамнан аулақ жүр. Ондай адамнан құтылудың өзі – үлкен олжа.

3. Өзгеден артық боламын деп арындама, шамаңды сақта. Тең түскенге қанағат ет. "Қанағат қарын тойғызар, қанағатсыздық жалғыз атын сойғызар" деген ата-бабаң. Бірақ тепкіге төзбе, ешқашан аяққа басылмағын.

4. Адам өмірге, мынау жарық дүниеге жылап келеді. Ата-ана, туған-туыс айналасы шат-шадыман қуанады. Кетеріңде өзгелер жылап, өзің ризашылықпен қуанып кететіндей істе.

5. Біреуді өсектеп келген адамға сенбе, басқаға сені өсектейтініне сене бер! Жақсы адамның жақсылығын айтқын, мейірленсін. Бірақ, жағымпазданып, өтірік мақтама! Нашар адамның жамандығын бетіне бассаң да, жала жаппа!

6. Мынау пәни жалғанда мінсіз адам болмайды. Бұл дүниедегі періштелер – сәбилер. Айыбың мен мініңді өзің түсінсең,санасыз болмағаның.

Бөлісу: