Қайғыға тап болып, осы дұғаны айтқан адамға одан да қайырлы нәсіп болады!
Мүміндердің анасы Умм Салам (оған Алла разы болсын) былай деді:
Мен Алла елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын): «Егер Алланың құлдарының бірі қайғыға тап болып:
«Расында, біз Аллаға тиесіліміз және Аллаға қайтарыламыз! Я, Алла, мені қайғымда сауапты ет те, маған одан жақсысын бер!»
/Инна ли-Лаһи уа ина иләйһи ражиъуна! Аллаһумма-журни фи мусыбати уа хлюф ли хайран минха!/, – десе Алла Тағала міндетті түрде оның қайғысы үшін сауап жазады және оған (айрылғанының) орнына одан да жақсысын береді», - деді.
Әбу Салама өлген кезде, мен Алланың елшісінің (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айт дегенін айттым, сонда Алла оны маған одан да жақсысымен ауыстырды – (яғни) Алланың елшісімен (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) (Муслим).