27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Әбу Ханифаның анасына деген мейірімі

Әбу Ханифаның анасына деген мейірімі

Ғибратнама
Жарнама

Әбу Ханифаға бірнеше мәрте қазылық қызметі ұсынылғанда ол олардан бас тартады. Бас тартқан сайын басшылық тарапынан жазаға ұшырады. Соның бірінде басшылық оған дүре соғуға әмір етеді. Ол сонда көзіне еріксіз жас алады.

Бірақ соққының ауырлығынан емес, үйінде баласының тағдырына уайым жеп отырған анасының халін елестетіп жылайды екен. Ол: «Жаныма соққының ауырлығы емес, анамның қайығырып қалғаны қатты батты» - деген екен.

Әбу Ханифаның кезінде  Омар ибн Зәрр (қ.ж. хижри 180) деген уағызшы кісі болған. Әбу Ханифа анасын кейде әлгі кісінің уағызына апарып тұратын болған. Бір күні анасы бір мәселенің үкімін білгісі келіп, баласы Әбу Ханифаны уағызшы Омар ибн Зәррдан сұрап кел деп жібереді. Әбу Ханифа үлкен ғұлама бола тұра анасының сөзін жерге тастамай айтқан кісіге барады да оған:

— Анам мынадай мәселенің үкімін білгісі келеді. Содан мені сізге жіберді, - деп айтады. Омар таң қалып:

— Сіз ғұлама бола тұра, оның үкімін менен сұрап тұрсыз ба? - дейді. Әбу Ханифа:

— Иә, анамның қалауы солай! – деді.  Сонда Омар:

— Хош. Бірақ оның жауабы қандай еді? Жауабын қалай берейін?, - деп сұрағанда Әбу Ханифа мәселенің үкімін баяндап беріп, артынша анасына қайта оралып жаңағы үкімді Омардың атынан айтып береді.

Бөлісу: