26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Адамдардың пайғамбарларға мұқтаждығы

Ақида
Жарнама

Адамдар екі дүниенің бақыты мен қуанышына қол жеткізулері үшін әрдайым бір жол көрсетушіге мұқтаж. Себебі,

адамдар өз ақылдарымен Алланың барлығына, бірлігіне сенгенімен, қалай құлшылық ету керектігін білмейді. Жаратушы деп жаһилия арабтарының пұтқа, парсылардың отқа табынғаны іспетті түкке тұрғысыз бос нәрселерге табынуы мүмкін. Егер Пайғамбар болмаса, ақыретке байланысты және өлімнен кейінгі құбылыстарды да білу тіпті мүмкін болмас еді. Қай амал жақсы, қай амал жаман екендігін тек діни үкім ғана ажыратып беретіндіктен, Алла адамзатқа елшілерін жіберді. Бәлкім адам жақсы жаман мінез-құлықты айырып, ненің жақсы, ненің жаман екендігін білуде айтарлықтай қиналмауы мүмкін. Ал, харам мен халалды ақылмен айыру өте қиын. Сол үшін адам ақ пен қараны, харам мен халалды, жақсы мен жаманды, дұрыс пен бұрысты айыру үшін жол көрсетуші яғни бір пайғамбарға мұқтаж.

Егер де адамдарға пайғамбар келмесе, ақыретте Алланың алдында есеп берер сәтте: «Я, Алла! Бізге уақытында өзіңнің үкімдеріңді, тыйымдарыңды білдіргеніңде, оларды үйрететін, көрсететін, шариғатқа сай амал жасауды, білмегенімізді үйрететін, тура жолға шақыратын елші жібергеніңде, тозақ отына түспес едік», - деп уәж айтар еді. Жалындаған тозақ отына кімнің түскісі келеді? Міне осындай айтылатын сылтаулар мен өтініштер және уәждерді болдырмау үшін Алла адамға Өзінің заңдылықтарын, тура жолын үйретуші елшілер жіберіп отырған. Бұл мәселені аят былай деп баян етеді: «Елшілерден кейін адамдардың Аллаға қарсы сылтауы болмауы үшін Пайғамбарларды қуандырушы, қорқытушы етіп жібердік. Алла аса үстем, хикмет иесі» (4.Ниса – 165).

Адамның ақыл‑парасаты өзінің дүниеге не үшін келгендігін, келудегі мақсаты не екендігіне жауап таба алмайды. Оның жауабын Ұлы Жаратушы Ие пайғамбар жіберу арқылы үйретеді. Адам баласы бұл дүниемен о дүниенің амалын жасау немесе екі дүниенің тепе-теңдігін құра білу үшін пайғамбарға мұқтаж.

(Материал «Иман негіздері» кітабынан алынды)

Ummet.kz

Бөлісу: