26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Имам Матуридидің Жаратушыны мойындамаушыларға жауабы

Ақида
Жарнама

Имам Матуриди (р.а) Жаратушыны жоқ деушілерді сынаққа алған. Жаратуының бар екенін дәлелдеу үшін:

1-көзжүгірту, ойлану дәлелі;

2-жаратылыс дәлелі;

3-және басқа да дәлелдерді қолданған.

Біріншісі: көзжүгірту, ойлану дәлелі.

Имам Матуриди айтты: «Бұлай болуының себебі: Ол не нәрсе жасаса да онда бір таңғажайып хикмет, айқын дәлел бар болғандығынан. Дана, хәкім адамдардың өздері жаратылған не нәрсе болмысын, ол қалай дәл осы күйінде ортаға шыққанын толық қамтып, түсіне алмайды. Оны көрген әрбір дана адам – қанша білімді, әрі ақылды болса да – өзінің ақылының шектеулі екенін, әлгі нәрсенің ақиқатына жетпейтіндігін түсінеді. Осы тұста барлық нәрселердің болмысынан оны жаратқан Жаратушының хикмет-даналығын көруге болады. Күш иесі Алла ғана.»

Ескере кетер жайт бұл дәлел әлемнің жаратылысына қарап, назар салуға сүйенеді. Егер әлемнің жаратылысына көз жүгіртер болса, онда бұл әлем ойлана білген ақылдарды өзінің таңғажайып құрылысымен, керемет хикметімен таң қалдырады. Ал ол болса, өз кезегінде оны жасаған, жаратқан иесінің қаншалықты ұлы екенін көрсетеді.

Имам Матуриди бұл дәлелінде Имам Абу Ханифа Нұғманның жолын ұстанған. Себебі ол дәлел ретінді анасының ішінен шыққан кішкене сәбидің көркем суретте келетініне назар салып, ой жүгіртуге шақырады. Бұл да ілім иесі болған Жаратушының бар екеніне дәлел болады.

Бұдан шығатын нәтиже–Имам Матуриди өзіне дейінгілердің іздерімен жүргендігі, олардың білімін сіңіріп, кейіннен олармен ортақ пікірде болғандығы.

«Мусаяра» ктабының иесі Ибн Әби Шәриф жоғарыдағы мағынаға ишарат етіп: «Алла Тағала:

أَفَرَأَيْتُمُ النَّارَ الَّتِي تُورُونَ

أَأَنتُمْ أَنشَأْتُمْ شَجَرَتَهَا أَمْ نَحْنُ الْمُنشِئُونَ

«Жаққан оттарыңды көрдіңдер ме?

Оның ағашын сендер жараттыңдар ма? немесе Біз жараттық па?» (Уақиға 71-72)–деген аяттармен сілтеме жасаған.

Кімде-кім осы айтылған ғажайыптарға көз жүгіртсе оның хикметіне куә болады. Себебі бұл нәрселер таңқаларлық шеберлікпен және реттілікпен жаратылған. Оның әрбірі өзін жаратқан жаратушыны, реттестірген дана шеберді қажет етеді. Бұл нәрселерден ақыл иелері осыны түсінеді. Ал дандайсыған тәкәппарлар болса, олардан ғибрат алынбайды,»–деді.

Ашғари мазхабынан «ән-Нукат әл-муфида» кітабының иесі Туниси де Имам Матуридидің осы түрдегі дәлеліне үндес болып: «Ой жүгірту, қарау, назар салу–бұның бәрі мағыналас ұғымдар. Мұндағы мақсат–болмысқа, жаратылысқа, ондағы аса шеберлік пен ғажайып сипаттарға қарау демек. Содан кейін ол арқылы оның Жаратушысына ненің жарасып, ненің жараспайтынын ұғыну. Болмысқа назар салып оқығанға қаратай Алланы тани алған адамдардың дәрежелері де әр түрлі болады. Себебі Жаратушыны танудың жолы – жаратқан жаратылыстарына қарап, оған ой жүгірту арқылы ғана болады,»–деді.

Расында Құран Кәрім де Жаратушыға жаратылыс арқылы жол табуға шақырады. Матуриди сынды кәләм ілімінің иелері де осы жолды ұстанған. Бұдан–олар ұстанымдарын Құраннан сусындаған деген нәтиже шығады.

Жалғасы бар...

(Материял «Әл-Уасит фи ъақаид әл-Имам әл-Матуриди» кітабынан аударылған)

 

Ummet.kz

Бөлісу: