26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Тозақтың кеңдігі мен тойымсыздығы

Тозақтың кеңдігі мен тойымсыздығы

Ақида
Жарнама

Тозақ өте кең, оған тістері таудай, екі иығы аттылы адамға үш күндік жолдай үлкейіп түскен кәпірлер мен мұнафиқтардың бәрі сыяды.

Тіпті оған күн мен ай сияқты үлкен-үлкен ғаламшар сыйып кетеді. Пайғамбар (с.а.с.): «Күн мен ай тозақта жұмырылып тұрады», – деген-ді.

Сондай-ақ ол өте тойымсыз келеді. Алла тағала: «Ол күні тозаққа: «Толдың ба?» – дейміз. Ал ол: «Тағы да бар ма?» – дейді», – деген.

Пайғамбар (с.а.с.): «Тозаққа (кәпірлер) лақтырыла береді, ал ол қашан құдірет Иесі оған табанын қойғанға дейін: «Тағы да бар ма?» – деп айтудан танбайды. Сосын ол бір-біріне жұмырылып: «Күш-құдіретің мен жомарттығыңа серт! Жетер, жетер!» – дейді», – деген.

материал «Ақырет өткелдері» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: