26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Фиқһи мазһабтардың хақтығы жайлы

Фиқһи мазһабтардың хақтығы жайлы

Ақида
Жарнама

Мұсылман елдеріндегі фикһи мазһабтар арасында кездесетін қарама-қайшылықтар екі түрлі:

1.Ақида жайындағы талас-тартыстар.

2.Фиқһтағы кейбір мәселелерге қатысты талас-тартыстар.

Бірінші: Сенімге қатысты қарама-қайшылықтар:

Бұл іс бұрындары Ислам жұртына бәле-апаттар алып келген, мұсылмандардың қатарын бұзған және бөлінуге әкеп соқтырған ең үлкен қайғы. Бұл өте қатты өкінішке ұрындыратын және мұндай болмауы уәжіп

болған іс. Ислам үмметі Аллаһ Елшісінің (с.ғ.с) дәуіріндегі және әділетті халифалар кезеңіндегі тура және таза Ислам діні болған «Аһли сүннә уәл жамаға» мазһабында бекем болуы шарт. Бұл жайлы Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Сендерге менің сүннетімді және әділетті халифалардың сүннетін ұстану керек. Ендеше, оны мықтап ұстаңдар» деп бұйырған.

Екіншісі: Фиқһи мазһабтардың кейбір мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар:

Жағдайдың бұлай қалыптасуының өзіндік ғылыми себептері бар. Бұл нәрседе Алла Тағаланың үлкен хикметі, пенделеріне деген мейірімі және шарғи дәлелдерден үкім шығаруға кең мүмкіншілік бар екенін түсінуге болады. Сондай-ақ, бұл нәрсе бір нығмет және фиқһи-заңды байлық болып, Ислам үмметін діни және шарғи істерде кеңшілікке жеткізеді. Сонда ғана шариғат бір жақты ғана болып, басқа мазһабқа өтуге болмайтындай бекітіліп, құрсауланып қалмайды. Қайта керісінше үмметке кей уақыттарда және кей істерде фақиһ имамдардың мазһабында таршылық болып жатса, басқа мазһабта кеңшілік, ыңғайлылық және жеңілдік табылады. Аталмыш нәрсе ғибадатқа, қарым-қатынасқа (сау-да секілді) немесе отбасы, не болмаса қылмыстық істерге, сондай-ақ өмірдің басқа да жәйттеріне байланысты болуы мүмкін.

Мазһабтардың осы екінші түрлі қарама-қайшылықтары – фиқһи таласып-тартысу болып саналады. Бұл дініміздің кемшілігі де, қарама-қайшылығы да емес. Мұндай қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес. Өзінің толық фиқһи, ижтихадты тырысушылық және заңды жүйеге ие болған әрбір мазһабтың фиқһи ижтихадында (тырысуларында) қарама-қайшылықтың болмауы мүмкін емес. Егер біз өткен тарихымызға үңілер бол-сақ, мұндай қарама-қайшылықтардың туында-уы заңдылық екенін түсінетін боларсыз. Себебі қолданыстағы негізгі дәлелдер көбіне бірнеше мағынаны қамтиды.

Кейбір ғұламаларымыз айтқандай, «дәлелдер шектелген, ал жағдайлар болса шектеусіз». Олай болатын болса, қиясқа жүгіну және үкімдердің әлсіздігіне, шариғаттың жал-пы мақсатына назар салу және де оқиғалар мен жаңа пайда болған мәселелерде оның үкімін жария қылу ләзім болады. Яғни, сүннеттегі жағдайларды. Мұндай жағдайда ғұламалардың түсінігі және бірнеше мүмкіншіліктен бірін жоғары қоюлары, сондай-ақ соған байланысты бір мәселе бойынша шығаратын үкімдер әртүрлі болуы заңдылық. Олардың әрқайсысы ақиқатты мақсат тұтады және оны іздейді.

Егер ғұламалардан қайсысы тура үкім берсе екі сауап, қате үкім берсе бір сауап алады. Міне, нақ осы жерде (шешім шығаруда) кеңшіліктің пайда болуын, ал шектеудің жоғалатынын көреміз. Ендеше мазһабтағы қарама қайшылықта тұрған не кемшілік бар? Әуелде айтқанымыздай мұнда тек қана жақсылық пен Алланың рахметінен басқа нәрсе жоқ. Бұл нәрсе Алланың мүмін құлдарына деген нығметі мен мейірімі. Сонымен бірге бұл нәрсе қуанышқа кенелтетін үлкен байлық және Ислам үмметі мақтануына тұратын мәртебе. Бірақ кейбір мұсылман жастарымыздың, әсіресе шет елдерде оқып жүргендердің Ислам мәдениетінен білімі әлсіздігін көздеуші кейбір шетелдік уағызшылар мазһабтардағы фиқһ мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтармен бірдей етіп көрсетуге тырысуда. Олар аталмыш екі түрлі қарама-қайшылықтың ара-жігін ажыратып алмай, шариғатымызда қарама-қайшылық бар деуде. Негізінде олай емес.

Екіншіден: Мазһабты ұстанбауға шақырып жүрген, адамдарды жаңа пайда болған ижтиһад жолына мәжбүрлеуші және фиқһи мазһабтар мен олардың имамдарын мойындамайтындарға келетін болсақ, біз оларға мынаны мәлімдейміз: мазаларыңды қашырып жүрген мазһабтар мен олардың имамдарының артықшылығы сонда, ол мұсылмандарды адасуға апаратын, олардың арасында талас-тартыс тудыратын лас нәрселерден қайтару-дан көрініс табады. Қазіргі таңда біз таласып тартысуға мұқтаж емеспіз, керісінше Ислам дұшпандарының қатерлі істерін ескеріп, сақтанып жүруге және оларға қарсы бірігуге мұқтажбыз.

материал «Талас-тартыстар (Ихтиләфтар)» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: