01
Жұма,
Қараша

һижри

Бізге ақида ілімі не үшін қажет?

Бізге ақида ілімі не үшін қажет?

Ақида
Жарнама

«Ақида» сөзі араб тіліндегі сөз. оның тілдік мағынасы:«байлау, түйіндеу, топтау» мағыналарын береді, көпшетүрі   «ақаид», «шешу» деген сөздің антонимі.

Ақида мұсылмандарды дұрыс емес түрлі сенімдерден сақтайды, мұсылмандардың бірлігі мен ынтымағын қамтамасыз етеді.

Терминдік  мағынасы: адамның жаратушысына деген сенімі. Ал «ислам ақидасының» терминдік мағынасы болса: мұсылман адамның жүрегімен сеніп, болмысымен қабылдауы керек болған дінінің негізі, сенімі. Адам оны еш күмәнсіз қабылдауы керек. Бұның дәлелі Құранның мына аяттары: «Шын мәнінде мүміндер (иман иелері)  Аллаға және Оның Елшісіне иман келтіріп, сосын күдіктенбегендер» («Хужурат» 15), «Расында бұл кітап, онда ешбір күмән жоқ» («Бақара» 2), «Расында Сен күдіксіз келетін бір күнде адамдарды жинаушысың» («Әли Имран» 9). Егер оның сеніміне шәк пен күмән араласса онда ол ақида болмайды, ол тек ой ғана болады. Ой туралы Құранда: «Расында ой, шындыққа қарағанда түкке тұрмайды» («Юнус» 36) дейді. Демек ақида тікелей амал, іс-әрекетпен байланысты емес. Сол сияқты ол күмәні бар нәрсеге де қолданылмайды. Алайда ол мұсылман адамның жүрегімен сеніп қабылдауын қажет ететін Алланың кітабында келген немесе Пайғамбарынан (с.ғ.с) жеткеннақты діни тұжырымдар.

ummet.kz

Бөлісу: