26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Құран оқудың зікірден артықшылығы

Құран оқудың зікірден артықшылығы

Ақида
Жарнама

Имам Науауи  (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді: «Сенімді ғұламалар арасындағы бұл мәселе жөніндегі ең дұрыс көзқарас: Құран Кәрім оқу –  тәсбих[1], тәһлил[2] және тағы да басқа зікірлерден абзал болып табылады»[3].

Шейх Абдулла Сиражуддин (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді: «Мұның дәлелі имам Тирмизидің (Алла оны рақымына бөлесін!) сахаба Әнас ибн Мәліктен (Алла оған разы болсын!) пайғамбарымыздан (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) риуаят етілген мына бір хадис[4]. «Алла сөзінің өзге сөздерден артықшылығы, Алланың өзге махлұқаттан артықшылығы секілді»[5].

 

[1] Яғни, «Субханаллаһ» деп айту. Мағынасы: «Уа Аллаһым! Мен сені барша кемшілік атаулыдан сені пәктеймін».

[2] Яғни, «Лә иләәһә илләллаһ» деп айту. Мағынасы: «Алладан өзге( құлшылыққа лайық) ешбір тәңір жоқ».

[3] Әт-Тибиян ли-Хамалатил-Құран, 20 бет.

[4] Тилауатил-Құранил-Мәжид, 58 бет.

[5] Хадисті имам Тирмизи риуаят еткен.

ummet.kz

Бөлісу: