26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сүннетке беріктік тек сыртқы көріністен ғана тұра ма?

«Сүннет» деп көбіне Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) өнегелі іс-әрекеттерін айтады әрі мұсылмандар сүннетті берік ұстануы тиіс. Бірақ бұл сүннетке беріктік Оның жасаған әрбір нәрсесін қайталап, сыртқы көрінісі тұрғысынан оған бойұсыну ма, жоқ әлде сыртқы көріністен бөлек сүннеттің мән-мағынасы мен мақсатына мән беру ме?

Күнәһар болған адамға ұйып намаз оқуға бола ма?

Ислам философиясы тарихына көз жүгіртетін болсақ, ифрат пен тафрит (дінде шектен шығушылық пен немқұрайлылық) секілді әртүрлі шектен шығушылықтан аулақ болған, діннің сенім және амал мәселелерінде орта жолды ұстанған сүнниттік кәлам мектептерінің діни көзқарастары үмбеттің ауызбіршілігін сақтау негізінде құрылған.

Иман мәселесінде мәзһаб бола ма?

«Мәзһаб» діннің түсіндірілу және түсіну әдісі болғандықтан, иғтиқади (иман) мәселелерге де қатысты пікір алуандығының болуы заңды. Сондықтан да, иманға қатысты мәселелерде де мәзһабтар болады. Оның үстіне тарихқа көз жүгіртсек, Алланың сипаттары, тағдыр мәселесі, ақырет жағдайна қатысты түрлі пікірлер мәзһабтардың пайда болуына әкеп соққан.

Үлкен күнә мен кіші күнәның айырмашылығы

Имам ән-Нәуәуи Мүслімнің Сахихына жазған түсіндірмесінде: «Түрлі топтардағы бұрынғы және кейінгі ғұламалардың басым көпшілігі күнәлардың кіші әрі үлкен болып бөлінетіндігі туралы айтқан.

Қайтыс болған адамның артынан Құран оқу және оқыту дұрыс па?

Қайтыс болған адамның рухына Құран оқып, оның сауабын бағыштауға қатысты классикалық мәзһаб ғұламаларының арасында талас-тартыс жоқ. Себебі, Алла елшісінің (с.ғ.с) өлген адамның рухына Құран оқып, сауабын бағыштауға болатындығы туралы айтқан мынадай хадистері бар:

Бұйрық пен тыйымның хикметі

Алла тағаланың мүкәлләфтарға, яғни мойнына жауапкершілік жүктелгендерге бұйрық, тыйым жіберіп, оларды құлшындырып, сақтандыруына қатысты мәселелерге алдында Хусайн (б Мұхаммед ән-Нәжжар) жеткілікті деңгейде тоқталып өткен-ді: Алла тағала тәрбиеленетін, пайда мен зиянды білетін және түсіне алатын дәлелдерге сүйене отырып, метафизикалық әлемге қатысты мәселелерге ой жүгірте алатын мүкәлләфтар, яғни діни тұрғыдан жауапкер болып табылатындар тобын жаратқан. Соған қарамастан мүкәллафтың мәліметке, дерекке қызығушылық танытпауы, надан күйде қалуы, сол себепті де өтірік пен жағымсыз сипаттағы кез келген істі қалыпты деп санауы мүмкін.

Хаким (асқан даналық иесі) және Алим (бәрін білуші) (Жаратушыны жоққа шығарушыларға жауап)

«Жаратылыстарды өздеріне тән ерекшеліктерімен жаратқан табиғат» деушілер, «Бұл – жұлдыздың, күннің және айдың қызметі» деп санайтындар, «Бұл планеталардың қозғалысы арқылы болып жатыр» деген пікірді жақтаушылар, ұрпақ жалғастығының ата-ананың арасында жүзеге асатындығын алға тартушылар, бұлардың барлығы «бір нәрсенің басқа бір нәрсе арқылы пайда болады» деген негізге сүйенеді.

Біреудің балмен, екіншісінің умен сыналуы

Біреу жылап жатқанда, екінші біреудің күліп жатуы, біреулер ләззаттар арасында таңдау жасап жүргенде, екіншісі қатқан нанды талғажау етуге немесе өлімге душар ететін аурудан шипа табу үмітімен удай ащы дәрілерді жұтуға мәжбүр болған дүниеде, көбіміздің санамызды мазалайтын сұрақ, неге біреу балмен, екінші біреу умен сыналатындығы.

Фиқһ (құқық) саласындағы мәзһабтардың қалыптасуы

«Әһлу сүннет уәл жамағат» (сүннет халқы және жамағаты) «итиқади» (сенім) және «фиқһи» (құқықтық) мәзһабтардан тұрады. Фиқһи мәзһабтар төртеу: ханафи, шафиғи, мәлики және ханбали. Олардың пайда болуының өзіндік себептері бар. Фиқһ саласының ғылым ретінде қалыптасуының тарихнамасына қысқаша тоқталып өтейік. Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) дәуірінде мұсылмандар күнделікті тіршілік пен құлшылық және әлеуметтік мәселелер жайында сұрақтарын тікелей Пайғамбардан (с.ғ.с) сұрайтын. Алла Елшісі (с.ғ.с) ондай сұрақтарға Құран аяттары негізінде кейде өзінің ойымен жауап беретін. Егер Хазіреті Пайғамбар (с.ғ.с) бір мәселеде өз ойынан пәтуа берсе, берілген үкім дұрыс болмай қалған жағдайда Алла Тағала уахи арқылы түзетіп отыратын.

Әһлу сүннеттің «ризық» түсінігіне қатысты көзқарасы

Әһлу сүннет ғалымдары «ризық» ұғымын, мұғтазилә ғалымдары сияқты әртүрлі жолмен түсінген. Сабуни (қ.б. 580/1184) және Тафтазанидің (қ.б. 792/1390) берген анықтамалары бойынша: «Тірі ағза тамақтанатын нәрсе» деген.

«АЖАЛ» мәселесі (АҚИДА)

Өлім хақ және ол әрбір жаратылған жандының ақыры. Алла тағала Құран Кәрімде ол жайлы: «Өзекті жанда өлмейтін пенде жоқ. Сендердің игілікті істеріңнің бодауы қиямет күнінде толық қайтарылады...» («Әл Имран» сүресі, 185-аят), – дейді.