25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Сүрді үрлеуші періштенің басқа да міндеттері

Исрафил – хадистерде айтылатын төрт үлкен періштенің біреуі.[1] Оның негізгі міндеті қиямет қайым болатын кезде Алланың әмірімен «Сүр (сырнай) үрлеу».

Микаил періштенің міндеттері

Бұл періштенің аты Құранда бір аятта ғана айтылған: «Кім Аллаға, періштелеріне, елшілеріне сондай-ақ Жәбірейіл, Микаилға, дұшпан болса, әлбетте Алла кәпірлерге дұшпан».[1]

Жәбірейілді (ғ.с.) танисыз ба?

Періштелердің ең үлкені әрі уахи жеткізуші періштенің есімі – Жәбірейіл. Ол – жаратылыстағы сансыз періштелердің арасындағы ең беделдісі һәм сұлтаны.

Періштелердің қанаттары бар ма?

Әдетте періштелер жайлы сөз еткенде, олардың қанаты бар ма, жоқ па деген сұрақтың ойға оралатыны белгілі.

Періштелердің болмысы қандай?

«Періштелер нұрдан, жындар түтінсіз оттан, ал адамдар болса Құрандағы сендерге айтылған нәрседен (балшықтан) жаратылған»[1] делінеді хадисте.  Демек, періштелер нұрдан жаратылғандықтан көзге көрінбейді.

Алланың көркем есімдері

«Ең көркем есімдер Аллаға тән. Ендеше, Оған сол есімдерімен үн қатып, дұға етіңдер» (Ағраф сүресі, 180)

Матуриди: Әл-Мисақ серті

«Әл-Мисақ» – сөзі бұл дүние тіршілігінен бұрын адам мен Алла арасында болған антты білдіреді. Қазақ халқы, «Қашаннан бері мұсылмансың?» деген сұраққа, «Әлімсақтан бері мұсылманмын» деп жауап беру салты да осыдан қалса керек.

Өмірдің бітуі мен ажал мәселесі

Дүниедегі тіршілік атаулының ғұмыры Жаратушының әу баста тағдырға жазған мөлшерімен өлшенеді. Ешкім де сол межеден не артық, не кем өмір сүре алмайды. Пенде өзіне бұйырылған рызық-несібесіне қол жеткізіп, дәм-тұзы таусылған соң пәни өмірмен қош айтысып, мәңгілік өмір сапарына көш түзейді. Себебі, өмірді де, өлімді де жаратушы – бір Алла.

Пенденің рызық-несібесі

Жаратылыстағы бүкіл тіршілік атаулының өлшеулі рызығын бір Алла Тағала ғана береді. Ал, сол рызық- несібесін өз аяғымен жүріп табатындар мен әрекет етуге дәрменсіз тіршілік атаулының рызығының арасында пәлендей айырмашылық жоқ. Мәселен, адамдар, хайуанаттар мен құстар өз рызық-несібелерін саналы түрде әрекет ету арқылы тапса, ана жатырындағы сәбиге Алла анасының қанымен рызық береді. Тіршіліктегі басқа да әлсіз «шақалақтар» туралы да осыны айтуға болады.

Жүректегі мөр

Дінімізде кейбір жандардың жүректерінің мөрленгендігі жайында айтылады. Мөрленген деген сөздің мағыналық шеңбері – иманға құлақ асып, жүрегі жібімейтін, хақ жолды теріс деп санап, өз пікірінен әсте танбайтын жандар деген ұғымды қамтиды. Осыдан келіп, санамызда «шындығында да пенденің жүрегіне мөр басылып, содан ол мәңгілік кәпір бола ма екен?» деген заңды сауал қылаң береді.

Дұрыс жол (хидаят) мен адасушылық (далалат)

Хидаят – Алланың бұйырған тура жолына түсу, иман етіп, ізгі амал істеу. Ал, далалат – хақ жолдан бас тартып, адасушылыққа бой алдыру деген ұғымды білдіреді.