25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

         Алла Тағала жаратылыстардың ішіндегі ең ұлығы адамдарға тура жолды үйрету мен ақиқатқа жету, халал мен харамды айыра білу үшін пайғамбарларына парақтар мен кітаптарын түсірген.

Шайтан негізінен жындардың арасынан шыққан. Ол да оттан жаратылған. Және құлшылық тұрғысынан да жоғары тақуалық сатысына жетіп, періштелердің деңгейімен бірдей дәрежеге қол жеткізген. Ал енді осы періште мен жынның екі арасын мына аят айырып береді:

         Жын сөзі - араб тіліндегі «жапты», «жасырды», «қалқалады» деген мағынаға келетін «жәннә» сөзінен шыққан. Жындар сезім мүшемізбен сезілмейтін, көзге көрінбейтін тіршілік иелері.

Адамдар періштелер секілді нұрдан жаратылмаған, қанаттары да жоқ, әрі олар секілді алапат күш пен жылдамдық иесі де емес. Мәселе солай бола тұра, адамдар дәреже тұрғысынан салыстырғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары.

Әрине, періште мәселесі айтылған жерде еріксіз: «Періштелердің саны бар ма екен?» – деген сауалдың туындауы заңды. Асылында періштелердің саны жайлы аят пен хадисте ешқандай мәлімет жоқ. Бірақ, олардың саны өте көп екендігі басы ашық мәселе. Ғалымдарымыздың айтуы бойынша періштелердің көптігі соншалық, әрбір жер бетіне түскен жаңбыр мен қар түйіршіктерінің жеке‑жеке өз періштелері болады.

Періштелер нұрдан жаратылғандықтан, сол жаратылысына тән өзіндік ерекшеліктерге ие. Олардың бұл ерекшеліктерін төмендегідей реттілікпен жүйелеп көрсетуге болады:

Періштелерге сену - иман шарттарының басты қағидаларының бірі. Себебі, періштеге иман алдымен уахиге, пайғамбардың хақ пайғамбар екендігіне, пайғамбардың әкелген кітабына, оның жеткізген діни үкімі мен тыйымдарына сену деген сөз.

Әһли сүннет бойынша ақыретте муминдер Алла Тағаланың көрінуін әрі ақли тұрғыдан, әрі нақли тұрғыдан уәжіп деп есептейді. Олай болса, ақыретте муминдер Алланы көретін болса, қалай, немен көреді деген сауал еріксіз ойға келері анық.

         Мұсылман кісі Аллаға иман еткен кезде Оның затына тән кәміл сипаттарына сеніп және де нұқсан сипаттардан пәк екендігін де білуі тиіс. Алла Тағаланың бүкіл сипаттарының басы мен соңы жоқ және өзге жандылардың ешбірінің сипатына ұқсамайды. Алланың сипаттары айтылған кезде, бізге ол сипаттарға ұқсастық бар секілді көрінгенімен, ақиқатында ол сипаттарға ешбір ұқсастық жоқ.

а) «Алла» сөзі – қайталанбас ұғым

«Алла» сөзі жеке бір есім болып, ешқандай тілге аударылмайды және ешбір тілде «Алла» сөзінің орнына қолданылатын сөз жоқ. Себебі, «Алла» сөзі тек Алла үшін қолданылады, және бұл сөздің көпше түрі не мағыналық басқа да нақты баламасы болмайды.

  1. Алланың бар және бір екендігіне сену

Адамзат тарихына көз жүгіртіп қарайтын болсақ, ең алғашқы қауымдық құрылыстан бастап, бүгінгі күнге дейін өмір сүрген барлық қауымдар бүкіл әлемді жаратқан Жаратушы Жаппар Иеге сеніп, өз танымының шама- шарқынша құлшылық еткен.