25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

 О дүниелік өмір қарсаңында бұл дүниедегі тіршілік атаулы бүтіндей тоқтайды. Мұны яғни, тіршіліктің тоқтау мерзімін «қиямет қайым» дейді.

 Алла Тағала алдымен топырақтан пішін жасап адамды бейнелеп, артынан оған жан бергендіктен, пенде жан мен тәннен тұрады. Адам өмірі төрт кезеңнен тұрады.

Күнделікті тіршіліктің пәни екендігін бәріміз мойындаймыз. Себебі, осы уақытқа дейін қаншама милиардтаған адам бұл дүниеге қонақ болып кетті және әлі де қаншамасы келіп кетері сөзсіз.

«Ақырет» сөзі - соңғы деген ұғымды білдіріп, дүние тіршілігінің соңғы уақытын, біткенін білдіретін діни термин. Аят пен хадистерде ақырет, қиямет, ақырзаманның күмәнсіз болатыны білдіріледі.

Қасиетті кітабымыз Құран Кәрім Хазіреті Мұхаммедке (с.а.у.) уахи арқылы түсті. Уахи сөзі - жасырын сөйлесу, сыбырлау, айту, сөйлеу, ишара ету деген мағыналарға келеді.

Ислам діні мен ғұламаларының ерекшелігі сол, табиғат заңдылықтарынан тыс оқиғалардың бәрін муғжиза демей, оларды өзара бөліп, жүйелеген. Бұл ислам дінінің әдістемесінің дамығандығының көрсеткіші.

 Әулие сөзі негізінен араб тіліндегі «уәли» - жақын, дос, көмекші, ұғымдарын білдіретін сөздерден шыққан.

Хазіреті Пайғамбарымыз елшілігі кезінде Меккелік мүшріктерге өзінің хақ пайғамбар екендігін дәлелдеу барысында көптеген мұғжиза көрсетті.

«Мұғжиза» - сөзінің мағынасы шарасыз, әлсіз, дәрменсіз қалдыру дегенге саяды. Алла Тағала адамдарды хақ дініне шақыру үшін пайғамбарлар жіберді.

         Пайғамбар жіберу Алланың әмірінде болса, оған иман ету – пенденің міндеті. Алла Тағала адамзатқа жүз мыңдаған пайғамбар жіберіп, Өз заңдылықтарын үйретті. Сол жүз мыңдаған пайғамбардың соңғысы Хазіреті Мұхаммед (с.а.у.) 610 жылы бүкіл адамзат пен жын атаулыға жіберілді.

Иә, «басқа‑басқа, бірақ пайғамбарлардың да өз арасында дәреже айырмашылықтары бола ма екен!?» деп, таңырқауыңыз әбден мүмкін. Расында мұндай сауалдың өзі негізсіз емес.