25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Асылында, әрбір дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бойдағы бұл  сезім адамды ерте ме, кеш пе әйтеуір бір тылсым күшке сенуге жетелейді. Адамның ет пен сүйектен жаратылғаны айдан анық болса,  тән мен жан да сол адамдық ұғымның қос қанатын құрайды. Тән азығы ішіп-жеу мен басқа да нәпсілік жағдаяттармен байланысты болса, жан азығы – ең алдымен, Ұлы Жаратушыға құлшылық ету.

Біз, яғни иман етуші пенделер әу баста әмәнту билләһты айтқан кезде жақсылық пен жамандықтың бір Алладан екендігіне сендік. Негізінде Алла Тағаланың шексіз құдіреті арқылы жер бетіндегі әрбір нәрсе жұп-жұбымен жаратылған (бұл жайында жоғарыдағы тақырыптарда сөз болды). Жақсылық пен жамандық ұғымдары да бір‑біріне қарама‑қайшылық жұбы. Дегенмен олардың жұптық қасиеті болған соң, әркез бір‑бірін толықтырып отыратын хикметі бар. Жамандықтың бет‑пердесін жақсылық, жақсылықтың мәнін жамандық ашады. Алла құзырында да адамдардың дәрежесі жақсы не жаман амал  жасауына байланысты. Егер мұндай айырмашылық болмаса, барлығымыз бейне бір періштедей күнәсіз болып, дүниелік сынақтың ешқандай да маңыздылығы қалмас еді.

Кәлима таийба («жақсы сөз»):

»لَا إِلَهَ إِلَّا اللهُ مُحَمَّدٌ رَسُولُ اللهِ« 

«Лә иләһә иллаллаһ Мухаммадур-расулуллаһ».

Мағынасы: «Алладан басқа құдай жоқ, Мұхаммед – Оның елшісі».

Ислам ғылымы тарихындағы орны ерекше тұлғалардың бірі – Әли ибн әл-Уши. ХІІ ғасырда өмір сүрген әл-Уши «әл-Әмәли» деген ақида саласындағы рисәләсымен танымалдыққа ие, сондай-ақ, ол Матуриди кәләмшысы және Ханафи мәзһабының фақиһы әрі хадис ғылымының терең  білгірі саналады. Тарихи деректер бойынша, ол Ферғана қойнауында бүгінгі Қырғызстан аумағында орналасқан Ош қаласында дүниеге келген.

Имам Матуриди ақида саласынан өзге де салада еңбек жазғаны мәлім. Мәселен, «Кәшфуз-зунун» кітабында усулүл-фиқһ саласында қатысты екікітап жайында айтылған:

1. Әл-Жәдл;

2. Маахазуш-шараиғ фи усулид-дин».

Құран саласын алсақ, Имам Матуриди «Таауиләту әһлис-сунна» атты тафсир жазғаны белгілі. «Кәшфуз-зунун» қаламгері имам Матуридидің бұл тафсирін дәл осылай атап көрсеткен. Дегенмен, имам Матуридидің бұл тафсирін «Таауиләтул-Матуриди фит-тафсир» және «Таауиләтул-Құран» деп көрсеткендер де болған. Дәлірек айтар болсақ, қазіргі уақытта Туркия, Үндістан, Германия, Мадина, Ұлыбритания мен Ташкенттегі нұсқалары дәл осылай аталған.

Имам Муслим жеткізген хадисте Сахаба Муауия ибн әл-Хакам әс-Суләми (р.а.) өзінің бір күңіне қол көтеріп, бетінен ұрған. Бұл ағаттығының өтемі ретінде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған құл азат етуге бұйырады. Сонымен сахаба әлгі күңін алып келеді. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) оған: «Алла қайда?», деп сұрақ қойды. Әлгі күң: «Аспанда», – деп жауап берді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Мен кіммін?» – деді. Ол: «Сен Алланың елшісісің», – деді. Сонда Пайғамбар (с.ғ.с.): «Оны азат ет, ол иманды екен», деді.

Мұхаммед пайғамбардың (с.ғ.с.) сара жолын ұстанушы әһлу сунна ғұламалары Алла барлық нәрсені жоқтан бар етті, деп сенеді. Әуелі Алла бар еді. Одан өзге ешнәрсе жоқ еді. Уақыт та, мекен де, бұрын болмаған. Оларды Алла кейін жаратты. Ал енді сол кейін жаратылған мекенге Алланың енуі шариғатқа томпақ, сау ақылға сиымсыз. Аллаға мекен беру – Алланы жаратылысқа ұқсату, теңеу. Мекен – жаратылыстың өмір сүру ортасы. Алла өмір сүруде мекенге мұқтаж емес. Сол себепті, ғұламалар Алла тағала мекеннен пәк, деген көзқарасты ұстанды.

1-мәселе: иманда шүбә болмауы тиіс

Сахабалардың ішіндегі «шайхул-муфассирин» атағына лайық болған Абдуллаһ ибн Аббас (родиял-лаһу ъанһу) былай деген: «Мүмин пенде: «Ин ша Аллаһ, мен мүминмын»-демейді. Бәлкім үзілді-кесілді түрде: «Мен ақиқат мүминмін»-деп айтады». Яғни, ақиқат мүмин ешбір күмәнданбастан: «Мен Хақ Тағалаға иман келтіремін»-дейді.

Иман тұрғысынан адамдар үш топқа бөлінеді:

1. Мүмин;

Имам Әбу Мансур ибн Мухаммад Матуриди[1] (рохматул-лаһи ғаләйһи) өз ғұмырын сүнеттен ауытқып, адасқандардың пікірін түзеу әрі Ислам ақидасын қорғауға сарып етті.

Х ғасырдың бірінші жартысында қарама ағымына Мухаммад ибн Ахмад Нахшаби басшылық етіп, бұл ағым бүкіл Мауаранаһрға кеңінен жайылды. Сол кездегі Мауаранаһр падишасы Наср ІІ және оның қоластындағылар да қарамшылардың иғтиқадың қабыл етті. Сол кезде-ақ әһлүс-суннадағылар мен қарамашылардың арасында айтыс-тартыс болып жататын. Наср ІІ тағын өзінің ұлы Нуһқа (943-954 ж. падиша болған) тапсырғаннан соң, жаңа падиша ақиқатты білу мақсатында қарамашылардың басшысы Нахшаби мен әһлүс-суннаның білгірі Имам Матуридиді (рохматул-лаһи ғаләйһи) сөзтартысқа түсірді. Сол кездесуде Имам Матуриди (рохматул-лаһи ғаләйһи) үстем болып, Нахшаби дарға асылды. Нәтижеде әһлүс-суннауәл-жамағаның ақидасы дұрыс деп қабылданып, ресми иғтиқад ретінде қабылданды.

Исламда:

إذاتغيرالأزمانيتغيرالأحكام

«Заман өзгерумен үкім де өзгереді»-деген қағида бар.

Сондықтан да Ислам бағзы біреулер ойлағандай қатып қалған, догматикалық дін емес. Керісінше, Ислам заман талабына сай ғылым және техника жаңалықтарын дін талаптарына сәйкестендіретін дін.

«مشكات المصابيح» (Мишакул-масобих) хадистер жинағының «كتاب الفتن» (Китабул-фитан) бөлімінде имам Термизи Әбу Һурайрадан (родиял-лаһу ъанһу) риуаят еткен хадисте былай деп айтылған:

وَلَعَنَ آخِرُ هَذِهِ الأُمّةِ أَوّلَهَا

«Бұл үмметтің соңғы (яғни, Ақыр заманда болатындары) әуелгілерді (әуеліде өткендерді) лағнеттейді».