26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шайтанды үйден қалай қууға болады?

Шайтан Адам мен оның ұрпағын тура жолдан айнытатындығын айтып менменсігенде Алла Тағала ол билік жүргізе алмайтын адамдарды былай сипаттайды:

Адамның ерік-жігері мен қалау еркіндігі туралы

Жаратушы алдында пенденің жауапты болуы не болмауы екі тұрғыда қарастырылады. Біріншісі –  адамның қалауымен яғни ықтиярымен, екіншісі – 7 пенденің қалауынан тыс болатын әрекеттер. Шариғатта бұны ихтияри (қалауымен) және изтирари (мәжбури) әрекеттер деп атайды. Мәжбури әрекеттерге адам бойындағы дене мүшелерінің жұмыс істеуін айтуға болады.

Алланың бар екендігіне сендіретін жеті себеп

Нью-Йорк ғылым академиясы төрағасының бірі болып қызмет еткен А.Гресси Моррисон (A.Gressy Morrison) өзінің ғылыми зерттеуінің нәтижесінде Алланың бар екендігін мойындап, өзге де әріптестеріне Алланың бар екендігіне сендіретін жеті себеп атты мақаласын жариялады. Гресси Моррисон: «Ғылым мен технология құдіретті Жаратушының заңдылықтарын біртіндеп ашуда. Ғылыми жетістіктер көбейген сайын Алланың бар екендігі дәлелденіп, Оған сенуге мәжбүр болудамыз. Мені мына жеті себеп Жаратушының бар екендігіне сендірді»,- деді.

Алкогольсіз сыра және квасты ішуге бола ма?

Кейде адам баласы Алла Тағаланың мыңдаған халал тағамы тұрғанда неге соның ішінен санаулы харамы на құмбыл тұрады? Әрбір күнә өзінен кейінгі үлкенірек күнәның хабаршысы. Күнәлар баспалдақ тәрізді бірінен соң бірі сатылап күпір жарына түскенге дейін пендені жетелей бермек.

Иғтиқафты бұзатын нәрселер

Араб тілінде иғтиқаф – бір жерде тұру, күту, өзін бір жерге қамау деген мағынаны білдіреді. Фиқһ терминінде азан шақырылып, қамат түсірілетін мешітте иғтиқафқа ниет етіп, белгілі бір мезгіл сол жерде қалуды білдіреді.

Адамдар мен періштелерді дәреже тұрғысынан салыстыру

Адамдар періштелер секілді нұрдан жаратылмаған, қанаттары да жоқ, әрі олар секілді алапат күш пен жылдамдық иесі де емес. Мәселе солай бола тұра, адамдар дәреже тұрғысынан салыстырғанда, періштелерден әлдеқайда жоғары.

Ислам дінінің сынаққа берер жауабы

وَلَنَبْلُوَنَّكُم بِشَيْءٍ مِّنَ الْخَوْفِ وَالْجُوعِ وَنَقْصٍ مِّنَ الْأَمْوَالِ وَالْأَنفُسِ وَالثَّمَرَاتِ ۗ وَبَشِّرِ الصَّابِرِينَ ﴿١٥٥﴾ الَّذِينَ إِذَا أَصَابَتْهُم مُّصِيبَةٌ قَالُوا إِنَّا لِلَّهِ وَإِنَّا إِلَيْهِ رَاجِعُونَ ﴿١٥٦﴾ أُولَـٰئِكَ عَلَيْهِمْ صَلَوَاتٌ مِّن رَّبِّهِمْ وَرَحْمَةٌ ۖ وَأُولَـٰئِكَ هُمُ الْمُهْتَدُونَ 

Өлім тақағанда жасалатын нәрселер

Соңғы сәт таянғанда кісіні оң жағымен жатқызып, құбылаға қарату керек. Өйткені Пайғамбарымыз (с.а.у.) Қағба жайында: «Өлі мен тірілердің құбыласы», – деген. Өлім аузындағы кісінің аузына қасық немесе саусақпен су беріледі.

Жауапты һәм жауапкершілік

Ислам дінінде жауапты жан – Алланың әмірлерін орындап, тыйым салған нәрселерінен бойын аулақ ұстаған адам. Ислами жауапкершіліктің белгілі шарттары бар.

Алла Тағалаға деген құлшылықтың мәні

Күллі  жаратылыс  атаулы  −  Алла Тағаланың құдіретін, шеберлігін, ілімін, жалғыздығын, ұлылығын танытар жеке-жеке құдайылық мөр. Біз осыларға қарап Оны таныдық, әлі де тану үстіндеміз. Алла Тағала Құран Кәрімде: «Мен жындар мен адам баласын «тек қана (мені танып), маған ғибадат етсін» деп жараттым» – дейді.

Ақиданың қамтитын тақырыптары

Ислам сенімі бойынша, адамзатқа жіберілген діндердің сенім негіздері уахиға сүйенгендіктен, барлық иләһи діндерде иман негіздері бірдей. Яғни, Хазіреті Адамнан (а.с.) соңғы пайғамбар Мұхаммедке (с.а.у.) дейінгі адамзат үшін жіберілген діндерде иман негіздері өзгерместен бірдей болып келгендігін жоғарыда айтып өткенбіз. Құран Кәрімде барлық пайғамбарлардың түсіндірген, уағыздаған ақидасының негізгі іргетасын таухид сенімі құрайтыны айтылады (Әнбия-25 аятқа қараңыз). Пайғамбарлардың уағыздаған амалдық және ахлақтық үкімдері Аллаһтың әмірімен кейде өзгертіліп отырған.

Өйткені, кейінгі шариғат алдыңғы шариғаттың қандай да бір амалдық үкімін алып тастаған немесе жаңадан үкім қосқан. Ал, ақидада мұндай өзгерістер болмаған. Құранда Хазіреті Пайғамбарымызға (с.а.у.) жіберілген уахидің алдыңғы пайғамбарларға жіберілген уахиға ұқсас болғандығы және оған уахи етілген кітаптың алдыңғы қасиетті кітаптарды растағандығы жайында баян етіледі:«(Мұхаммед с.а.у.) Нұх (а.с.) және одан кейінгі пайғамбарларға уахи еткеніміздей саған да уахи еттік» (4. Ниса-163) және «(Мұхаммед с.а.у) Сондай саған біз уахи еткен Құран, ол хақ. Алдыңғыны қуаттаушы. Әрине Аллаһ құлдарынан анық хабар алушы, тым қырағы» ( 25. Фатыр-31).

Ислам ақидасын құрайтын негіздер Құран Кәрім мен хадистерде ашық түрде білдірілген. Құранда Аллаһқа, пайғамбарларына, кітаптарға, періштелерге, ақыретке, тағдырға иман ету мәселесі айтылған соң, басқа аяттарда оларға қосымша мағлұмат беріледі. Хадис кітаптарында да, иман негізіне байланысты көптеген баптарда да бұл жайында айтылады.

Ислам ақидасының тақырыптарын екі бөлімде қарастыруға болады:

1. Нақты дәлелмен бекітілген сенім негіздерінің бірін қабыл етпеу нәтижесінде күпірлікке апаратын сенім негіздері. Яғни, әмәнтудегі иман негіздеріне қатысты қандай да бір мәселені қабылдамау күпірлік болады. Мәселен, күллі пайғамбарларды қабылдап, соңғы пайғамбар Хз. Мұхаммедті (с.а.у.) қабылдамау күпірлік.

2. Мутауатир (дұрыстығына күмән болмаған) дәрежесіне жеткен сенім негіздерін қабыл етпеген жағдайда күпірлікке апармайтын негіздер. Мысалы, ақырзаманмен байланысты болатын оқиғалардың біреуін қабыл етпеу күпірлік болып есептелмейді. Айталық ақырзаман таянғанда Дажжалдың келіп-келмеуіне қатысты кез-келген бір хабарды терістеу күпірлікке жатпайды.

Ақиданың үкімдері замана ағымына және қоғамның даму ерекшелігіне қарай өзгермейді, жеке дара бөліп алып сенуді де қабылдамайды.

материал «Иман негіздері» кітабынан алынды

ummet.kz