25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Есімдер мен есімделуші (Исм және мусамма)

Әһлі сүннет ғалымдарының айтуы бойынша, есім мен сол есімді иеленуші – екеуі бір нәрсе. Жаһмия, мұғтазила және каррамия ағымдары «есім мен оны иеленуші: екі бөлек» дейді. Ашғарилердің кейбіреулері: «Есімдер – атаудан (тәсмия, атау) да, аталушыдан (мусамма, аталған) да басқа нәрсе» деп есептесе, тағы бір тобы: «есімдер үш түрлі болады.

Пендеге ең қайырлы істі жаратып беру Аллаға міндет емес

Пенделерге ең қайырлы істі жаратып беру Аллаға міндет емес. Сондай-ақ, жаман емес істі жаратуы да уәжіп емес. Мұғтазила бұған қайшы көзқарас білдірген. Оның ішінде Бишр ибн Мұғтамир мен оның жақтастары: «Пендеге зияны тимейтін нәрсені жаратып, соған мән беру Аллаға міндет» деген.

Хадистерде айтылған ақырзаманның кіші белгілері

Хазіреті Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) қиямет қайымның қашан болатындығын сұрағандарға, ұдайы: «Оның уақытын Алла біледі», - деп жауап беретін.

Неліктен Матуриди жайлы деректер аз?

Әл-Матуриди мәзһабы Мауараннаһр сияқты жабықтау аймақта, Басра мен Бағдат сияқты ғылым орталықтарынан алшақта белең алғандықтан, Әшғарилік сияқты кең танымал бола алмады. Әрі əйгілі Бақиллани (ө.403/1013), әл-Жуəйни (ө.478/1085), әл-Ғазали (ө.505/1111), Шахристани (ө.548/1153) сынды ғалымдардың әшғари мектебінен шыққаны да бұған белгілі бір дәрежеде әсерін тигізді.

Еліктеушінің (муқаллид) иманы қандай?

Құбылаға бет бұрғандар арасында мұқаллидтің иманына қатысты әр-түрлі көзқарас бар. Әбу Ханифа, Суфян әс-Сәури, Мәлик, әл-Әузағи секілді фиқһ ғалымдары мен хадис ғұламалары: «Иманы дұрыс. Бірақ, дәлел-дәйекті қаперге алмағаны үшін күнәһар есептеледі» десе, ар-Рустуғфани мен әл-Халими: «Иманның қабыл болуының шарты – мұғжиза арқылы Пайғамбардың сөзінің дұрыстығын білу» деген.

Шама жетпейтін істің жауапкершілігі

Бұл мәселеде ғұламаларымыздың көзқарасы ашғарилердікінен бөлек. Ғұламаларымыз (Алла рақымына бөлесін): «Алла Тағала құлдарына шамасы жетпейтін істерді міндеттеуі мүмкін емес» деп санайды.

Ақырет пен дүниені бағамдауда тепе-теңдікті сақтау

Бұл дүниенің ой-шұқыры көп. Бірде күле қараса, бірде жылатады. Мұсылман баласы осындай ойлықырлы, аумалы-төкпелі дүниеде әрқашан теңдікті сақтайтын жан. Сол үшін біз күніне қырық рет Жаратқанға жалбарынып, бізді тура жолға бастай гөр деп дұға тілеп, екі аяғымызды тең бастыруын сұраймыз.

Фиқһ әдебиеттерінде әдет-ғұрып ұғымының қолданылуы

Ерте кезеңдегі шығармалармен қатар жалпы фиқһ кітаптарына назар аударғанда исламның негізгі ұстындарына қайшы келмейтін әдет-ғұрыптың құқықтық нормалар белгілеуде маңызды рөл ойнағаны байқалады. Тіпті ахад хабарларға (Ахад хадис – бір, екі немесе одан да көп адамдар риуаят еткен, бірақ риуаятшыларының саны мәшһүр хадистің дәрежесіне жетпеген хадис.

Адам түсінде Алла тағаланы көру мүмкін бе?

«Түсінде Алла Тағаланы көру мүмкін бе?» деген сұраққа кейбір ғалымдар мүмкін емес, кейбіреулері мүмкін деп жауап береді.

Бізге ақида ілімі не үшін қажет?

«Ақида» сөзі араб тіліндегі сөз. оның тілдік мағынасы:«байлау, түйіндеу, топтау» мағыналарын береді, көпшетүрі   «ақаид», «шешу» деген сөздің антонимі.

Құран оқудың зікірден артықшылығы

Имам Науауи  (Алла оны рақымына бөлесін!) былай дейді: «Сенімді ғұламалар арасындағы бұл мәселе жөніндегі ең дұрыс көзқарас: Құран Кәрім оқу –  тәсбих[1], тәһлил[2] және тағы да басқа зікірлерден абзал болып табылады»[3].