25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарлардың сипаты: Күнəдан пəк болуы (Исмəт)

Араб тіліндегі «Исмәт» сөзі «тыйым салу», «қорғау», «сақтау» деген мағыналармен қатар, «ұстану», «паналау», «сүйену», жəне «сену» деген мағыналарды да білдіреді. Ислами түсінік тұрғысынан алғанда, исмәт (күнәдан пəктік) пайғамбарлардың үлкенді-кішілі, яғни, күнә атаулыдан (Алла тағаланың шарапаты арқасында) қорғалған дегенді білдіреді.

Сүннет амалдарын ұстану әдебіне қатысты насихат

Пайғамбарымыз дүниеден озған соң әділетті халифалар фақиһ сахабаларды әлемнің әртүрлі аймақтарына жіберіп, әрқайсысы өзі жіберілген елдегі адамдарға дін үкімдерін үйреткен. Хижаз аймағындағы сахабалар мен Хижаздан асқан елдердегі сахабалардың дін нормаларын үйретудегі дәлелдері кейбір мәселелерде өзгешелік тапқан.

Пайғамбар (с.ғ.с) мен сахабалар кезеңіндегі фиқһ

Бұл кезеңде Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) мұсылмандарға Раббылары тарапынан бұйырылып отырған құлшылықтар мен қарым-қатынастарға қатысты, сондай-ақ сол кезеңде туып отырған әртүрлі жағдайларға байланысты шариғат үкімдерін Алла тағаладан қабылдап атқарған. Сахабалар соған еріп істеген. Ислам шариғаты қияметке дейінгі бүкіл замандарды, халықтар мен ұлттарды, аймақтар мен ғұрыптарды, жағдайлар мен оқиғаларды қамтып, кемел құнға лайықтанған уақытта ғана пайғамбарымыз дүниеден озды.

Ақыретте Алла Тағаланың көрінуі (руятуллаһ)

Ақыретте Алланың көріну мәселесі өзекті тақырыптарының бірі. Бұл тақырып көбіне әһли сүннет пен мұғтазила мәзһабының арасында ұзақ жылдар бойы пікірталасқа айналып келген. Әһли сүннет сенімі бойынша ақыретте мүминдер Алла Тағаланың көрінуін ақли, әрі нақли тұрғыдан уәжіп деп есептейді.

Ақырет күніне сенбейтіндерге жауап

Ақырет күніне және қайта тіріліп, сұраққа алынатындарына сенбейтіндерге жауап ретінде Алла тағала Құранда бұл дүниенің өзінде-ақ өлтіріп, сосын қайта тірілткен адамдары жайлы алты мысал келтірген:

Сәләфия ағымы қалай пайда болды, қалай жайылды?

Бұл «сәләфия» ұраны Мысырда Британдықтардың отарлауы кезеңінде Жамалуддин Афғани мен Мухаммад Абдух басқарып, туын желбіреткен діни-реформалық қозғалыстың шығуымен басталды. Өйткені осы қозғалыстың пайда болуы «сәләфия» ұранымен тікелей байланысты.

Егер әулие өзін пайғамбар санаса...

Біздің көзқарасымыз бойынша, әулиенің кереметі – рас. Көз тию мен сиқыр да – ақиқат. Мұғтазилиттер бұларды мүмкін емес деп есептейді. Біз мұны рационалдық тұрғыдан және діни дәлелдер арқылы да дәлелдей аламыз:

Рационалдық (ақылға негізделген) мұғжиза

Мұғжиза сезімге негізделген жəне рационалдық болып екіге бөлінеді. Рационалдық мұғжизалар «Рухани», ал сезімге негізделгендерін «Материалдық» мұғжиза дейміз.

Әлемнің жаратылғандығы мен Алланың бар екендігі

Араб тіліндегі әлем сөзі – Алладан басқа барлық болмыстың ортақ атауы. Әлемдегі жаратылыс атаулы ағян (субстанция) және ағраз (акциденция) болып екі түрге бөлінеді. Ағян деп – бар болуы басқа нәрселерге тәуелсіз заттарды, ал ағраз деп – басқа бір затқа сүйену арқылы ғана өзінің бар екендігін көрсететін, сол орынға тәуелділіксіз елестету мүмкін емес нәрселерді айтамыз.

Ғайн (ағян) – муфрад (жеке) және мураккаб болып екіге бөлінеді. «Муфрадты» жауһар (атом) деп те атайды. Ол – бөлінбейтін ең кішкентай бөлшек. Ал «мураккаб» – жисім деп те аталады. Ең кішкентай дене екі жауһардан тұрады. Кейбір ислам философтары мен мұғтазилиттер осы ең кішкентай бөлшектің бар екендігін жоққа шығарады. Бұл – қате тұжырым. Өйткені, бұл өз кезегінде тарының дәнін құрайтын бөлшектер мен тауды құрайтын бөлшектердің бірдей болуын қажет етеді. Ал олардың тұжырымы бойынша, кішірейе бөлшектенудің шегі жоқ (шегі болмау – жоқтықты білдіреді). Алла барлық нәрсеге құдыретті, бөлшектерді біріктіріп, затты құраушы да – жалғыз Ол ғана. Демек, ең кішкентай бөлшекті де ары қарай бөлшектеуге Алланың құдіреті жететіндігі сөзсіз. «Оны шексіз бөлуге құдіреті жетпейді» деу Алланы қауқарсыз, шарасыз деп санағандық болады. Ал ең кішкентай бөлшекті ары қарай бөлуге Алла құдіретті деп білсеңіз, ең кішкентай бөлшектің бар екендігі айқындалады.

Кейбір риязиятшылардың ойынша жисім (физикалық дене) – ұзындығы, ені, көлемі бар үш қабаттан (үш жәуһар) тұратын нәрсе. Біздің көзқарасымыз бойынша екі жауһардың бірігуінен тұратын нәрсені жисім деп атауға болады. Өйткені ұқсас көлемдегі екі жисімнің біреуіне бір жауһар қосылса, екіншісінен көлемдірек болады.

Демек, белгілі бір көлемге ие болып, дене (жисім) деп аталуы үшін, бір жауһарға екінші бір жауһардың қосылуы қажет. Олай болса, жисім – екі немесе одан да көп жауһардан (атомнан) құралған немесе бірігуінен пайда болған зат.

Ағраз (акциденция) – тілдік тұрғыда «тұрақсыз» деген мағынаны білдіреді. Анықтамасы: Бар болуы басқа нәрсеге тәуелді, тұрақсыз нәрсе. Мұның отыз неше түрі бар. Заттың реңі, түсі, қозғалыс, тыныштық күйі, иіс, дәм, дауыс, күш-құдірет пен қалау еркі т.б. осы ағраз категориясына жатады.

Дәһрия, сәнауия және кейбір мұғтазилиттер ағраздардың заттан бөлек түсінік екендігін жоққа шығарады. Бұл, әрине, дұрыс емес. Мысалы ағармаған қара шаш бір күні ағарғанда «бұл – бұрынғысындай қара шаш» деп айтуға келмейді. Ақ пен қара екі басқа нәрсе екендігі анық. Егер осы түс заттың өзіне байланысты болса, зат жоғалмайынша, қара түс те жоғалмауы керек еді. Осыған қарап, өзгеріске ұшыраудың заттың тысында жүзеге асатын құбылыс екендігін білуге болады.

Қадим деп – бар болуының бастауы жоқ, хадис деп – бұрын болмаған, кейіннен пайда болған нәрсені айтамыз. Демек ағяндардың ағраздардан бөлек болуы мүмкін емес. Ал ағраздар хадис болып есептеледі. Өйткені, жауһарлар бірлескен немесе бірбірінен бөлек күйде де кездеседі (бірігу де, бөліну де бір ағраз болып есептеледі).

Сондай-ақ, бар болған зат не қозғалыста, не тыныш (қозғалыссыздық) күйде болады. Қозғалыссыздық – екі түрлі күйдің бір орында тұруы. Ал қозғалыс – екі түрлі орында екі түрлі күйдің орын алуы. Ал қозғалыссыздықтың хадис  (кейіннен жаратылған) екендігіне келсек, хадис екендігі сезім мүшелері және көру арқылы анықталады.

Тозақта мәңгі қалдыратын ең үлкен күнәлар

1) Күпірлік және Аллаға серік қосу. Алла тағала: «Расында,  кәпір болғандарға (Қиямет күні): «Алланың ашуы, сендердің өз ашуларыңнан зор. Өйткені сендер иманға шақырылған кезде кәпірлік таныттыңдар» деп дауысталады», – деген.

Тура жол және адастыру

Әһлі сүннет (Алла жар болсын): «Алла Тағаланың пендені тура жолға салуы  дегеніміз – пенденің бойында тура жолға түсуге деген ниетті жаратуы дегенді білдіреді.  Адастыру (идлал) – пендеде адасуды жарату деген мағынада», десе, мұғтазилиттер: «Тура жолға салу – Алланың тура жолды көрсетуі. Ал, адастыруы – адасқан деп атауы  немесе пенденің өзінде адасу пайда болғанда оны адасқан деп есептеуі» деген.