25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Пайғамбарлардың сипаты: Күнəдан пəк болуы (Исмəт)

Пайғамбарлардың сипаты: Күнəдан пəк болуы (Исмəт)

Ақида
Жарнама

Араб тіліндегі «Исмәт» сөзі «тыйым салу», «қорғау», «сақтау» деген мағыналармен қатар, «ұстану», «паналау», «сүйену», жəне «сену» деген мағыналарды да білдіреді. Ислами түсінік тұрғысынан алғанда, исмәт (күнәдан пəктік) пайғамбарлардың үлкенді-кішілі, яғни, күнә атаулыдан (Алла тағаланың шарапаты арқасында) қорғалған дегенді білдіреді.

Пайғамбарлардың пайғамбарлық міндеті жүктелмес бұрын жіберіп алған кейбір ұсақ жаңсақтары болуы мүмкін. Мұны дінімізде, «Зәллә» деп атайды. «Зәллә» деп аталатын осы болмашы ұсақ жаңсақтар пайғамбарлардың дәрежелері мен жағдайларына қарай орын алады. Пайғамбарлардың осы ұсақ жаңсақтарын тырнақ астынан кір іздеген пасық жандар кешірілмес күнә етіп көрсетіп, мұратына жеткісі келеді. Алайда, қарапайым адамдар мұны жаңсақ ұғып, қате жорып, ойымен де, әрекетімен де жамандыққа баруына сылтау етпеуі тиіс. Пайғамбарлар Алла тағалаға өзгелерден әлдеқайда жақын болғандықтан, ізгі істерінің өзіне көңілі толмаса, өздерін жазғырып, өкініштен өзегі өртеніп, осының өзін қателік санаған. Сондықтан да, олардың дәрежесіне қатысты осы ұсақ жаңсақтықтарды ақтауға келмейтін ағаттық деп қараудың өзі түзетілуі қиын үлкен қателікке жатады. Құран кәрімде Адам (а.с.) туралы: «Ей, Адам! Қалағандарыңша бəрінен жеңдер, бірақ, мына ағашқа жақындамаңдар. Егер жақындасаңдар, залымдар мен шектен шыққандардан жəне нығметтерімнен мақұрым қалғандардан боласыңдар» деген едім», – дейді. Нұх (а.с.) да иман етпеген ұлы үшін дұға еткен еді. Матуриди Құрандағы: «Уа, Раббым! Балам бауыр етім еді ғой. Уәдең хақ. Ең әділ төрешім өзіңсің. Ей, Нұх! Ол отбасыңның адамы емес» деген аятта Нұхтың ұлы оның дінін ұстанатын болып көрінгендіктен, Нұх пайғамбар (ол менің отбасымнан еді) дұға еткен еді. Өйткені, оған бұдан бұрын да отбасын қорғау мəселесі ескертіліп еді.

Сондай-ақ, исмәт сипаты өте көп пікір-таласқа арқау болған ұғымдардан. Себебі, кейбір адамдар пайғамбарлар қателік жасамайды, яғни, олар періштелік қасиетке ие, қателік жіберуі мүмкін емес десе, кейбірі Алла пайғамбарларды қателіктен сақтайды деген. Бірінші пікірді ұстанғандардың көзқарасы − екінші пікірді ұстанғандардан ерекше. Бірінші пікірді ұстанғандар: пайғамбарлар мүлдем қателік жасамайды дейді. Екінші пікірді ұстанатындар: Алланың қорғауымен қателікке жол бермейді. Яғни, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) немесе өзге де пайғамбарлардың қателіктерін қателік емес, айтып кеткеніміздей ұсақ жансақ (зәллә) дейді. Алайда, Алла тағала ықыласты құлдарын да жамандықтан сақтайды. Осыған қарамастан, адам баласы пенде болғандықтан қателікке бой алдырады. Себебі ұмыту – пенделіктің белгісі. Алайда, Алланың сүйікті құлдары қателігін дереу мойындап, тәубе етеді. Пайғамбарлардың адамдардан ерекшеліктері, олардық ұсақ жансақ əрекеттері уахи арқылы ескертіліп отырады. Олардың көзге ілуге, көңіл аударуға тұрмайтын жаңсақ әрекеттері біз ойлағандай күнə болып табылмайды. Адам баласына жол көрсету міндеті жүктелген пайғамбарлар өздеріне артылған сенімді ақтамайтын күнә және жаңылыс əрекеттерден аулақ. Олар өзгелерді күнәдан құтқару үшін келген. Олар ұдайы Алланың елден ерек қорғауында болғандықтан, өмірлерінде ине жасуындай да күнә жасамаған. «Зəллə» деп аталатын осы болмашы ұсақ жаңсақтардың пайғамбарлардың дәрежелері мен жағдайларына қарай орын алады. Пайғамбарлардың осы ұсақ жаңсақтарын тырнақ астынан кір іздеген пасық жандар кешірілмес күнə етіп көрсетіп, мұратына жеткісі келеді. Алайда, қарапайым адамдар мұны жаңсақ ұғып, қате жорып, ойымен де, әрекетімен де жамандыққа баруына сылтау етпеуі тиіс. Пайғамбарлар Алла тағалаға өзгелерден әлдеқайда жақын болғандықтан, ізгі істерінің өзіне көңілі толмаса, өздерін жазғырып, өкініштен өзегі өртеніп, осының өзін қателік санаған. Сондықтан да, олардың дәрежесіне қатысты осы ұсақ жаңсақтықтарды ақтауға келмейтін ағаттық деп қараудың өзі түзетілуі қиын үлкен қателікке жатады. Ибраһимнан (а.с.) «Пұттарды меңзеп, мыналарды сен сындырдың ба?» дегенде, бәлкім, олардың үлкендері жасаған болар. Егер сөйлейтін болса, содан сұрайық деуі, Мұсаның (а.с.) бір адамның өліміне себеп болуы, Жүністің (а.с.) мезгілінен бұрын қауымын тәрк етуі пайғамбарлардың жасаған қателіктері саналған. «Зин-нунды да есіңе ал» деген аяттағы Зин-нун – Жүніс пайғамбардың есімі. Нун – кит деген сөз. Исаға (а.с.) да өз заманында мəсих деген секілді Жүністі (а.с.) де киттің қарнында қалғандығы үшін «Зун-нун» деп атаған. Жүніс (а.с.) халқынан көңілі қалып, олардың иманға келуінен күдер үзіп, туған жерінен кетіп қалған еді.

Ал басқа көзқарас бойынша қауымы Жүністі (а.с.) өлімге қиған кезде аман қалудың бұдан басқа жолын таппай, елінен жерінен жырақ кетуі де ықтимал. Хазірет Дəуіттің тек жәбір көрушінің сөзін ғана тыңдап, үкім беруі, т.б. Осы сияқты оқиғалардың Құранда баян етілуі жайлы имам Матуриди былай дейді: Құранда Алла тағала өзінің өте мейірімді, кешірімді екендігін баян еткен. Сонымен қатар, Мұхаммедтің (с.ғ.с)  пайғамбар екендігіне дәлел келтірген. Алайда, кез келген адам баласының нәпсісі өзінің абыройын өзгелердің алдында төгілгенін қаламайды. Ал Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) бұл сөздердің өзінің емес, Жаратушы Күшке тән екендігін дәлелдеген еді. Басқа бір тұрғыдан қарастырғанда, пайғамбарлар түрлі сынаққа ұшыраған. Олардың ұсақ жаңсақтықтарға баруы Алла тағалаға қалайша дұға ету керектігін түсіндіру үшін келген еді дейді. Матуриди «Исмәт сипаты» Алла тағаланың адам баласына берген үнемі жақсылыққа итермелейтін, жамандыққа тыйым салатын нығметі дейді. Пайғамбарлар да ерік-жігерге ие. Егер олардың бойында ерік-жігер болмаса, онда олардың періштеден айырмашылығы болмас еді. Алайда, пайғамбарлардың да бойында сынақ үрейі бар. Ал Алла тағала пайғамбарлардың серік қосу мен бас көтеруден алыс жүруін қалаған. Пайғамбарлардың исмәт (күнәдан пәктік) сипатын қабылдамайтындар Құрандағы мына аяттарға сүйенуде: «Ол жемістен жеген еді, олардың әуреттері ашылып қалды. Олар жәннаттағы жапырақтарымен тəндерін жабуға кірісті. Адам Раббысына қарсы келіп, жолынан адасты». «Сарсаң болғаныңды көріп, оң жолға салмады ма?». Екіншісі исмәт (күнәдан пәктік) иесін жамандықтан сақтайтын ерекшелік. «Мен де сендер сияқты кәдімгі адаммын, Жаратушыларың бір ғана Алла екендігі маған уахи етіледі. Кім Раббына жолығуды үміт етсе, онда жақсы істер істесін, Раббына ғибадат құлшылық қылуда оған ешкімді серік қып қоспасын! де» деген аятта да Пайғамбарымыздың қарапайым біз секілді адам екендігі айтылады.

Матуриди «Олар саған уахи еткенімізді тастатқызып, оның орнына жалған бір сөз құрастырып, Бізге жала жабудың жолын ойлауда. Осылайша, өздеріне сені дос тұтатындай» деген аятына қарап, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (с.ғ.с) күнәдан пәктігі (исмәт) туралы былай дейді: Хазірет Мұхаммедке (с.ғ.с) пайғамбарлық міндеті жүктелген кезде кəпірлер оны адастырып, мақсатынан бас тартқызу үшін барлық күш-жігерін жұмсап, амал-айласын қолданады. Ол ол ма, Оны қайткен күнде де алған бетінен қайтару үшін талай рет бүлік шығаруға дейін барды. Осыған қарамастан Ұлы Жаратушы Алла елшісін (с.ғ.с) кәпірлердің барлық жамандықтарынан қорғады. Тіпті, кішкентай жамандықтардың туындауына да жол бермеді. Осылардың барлығы пайғамбарымыздың күнәдан пәктік сипатына ең үлкен дәлелдердің бірі. «Біз Ибраһимге, Исхақты, Жақыпты нәсіп еттік те, олардың бəрін оң жолға салдық. Одан ілгері Нұхты да түзу жолға салған едік. Ибраһимнің нәсілінен Дәуіт, Сүлеймен, Әйюб, Жүсіп, Мұса, Һарундарды да тура жолға салдық. Ізгі іс істегендерді өстіп сыйлаймыз» деген аяттарда да пайғамбарларға пайғамбарлықтарынан бұрын берілген нығметтерінің дәлелдерін көрсетеді. Өйткені, олар пайғамбар болмас бұрын тек жақсылық жасап, ақиқатты ғана талап етті. Ал осы нығмет оларға пайғамбарлықтан бөлек берілген сыйлық еді. Алла тағала пайғамбарлыққа қалаған адамын таңдаған.

материал «Матуриди ақидасы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: