01
Жұма,
Қараша

һижри

Ислам – жаңалықтар ендіру үшін емес, ілесу үшін

Ислам – жаңалықтар ендіру үшін емес, ілесу үшін

Мақалалар
Жарнама

Пайғамбарымыз (с.а.с.) Исламды фанаттардың шектен тыс құлшыныстарынан және жалғаншылардың бұрмалауларынан қысқа да нұсқа, аз сөзбен көп мағына беретін сөздерінің (жауамиъул-кәлим) қатарына жататын осы хадис арқылы сақтады.

Бұл хадис Пайғамбарымыздың (с.а.с.) салған сара жолына ілесу барысында оған қандай да бір артықшылықтар немесе өзгерістер енгізбеу құтылу мен жетістікке жетудің қажетті шарты екендігін көрсететін Алла Тағаланың көптеген аяттарымен мағыналас. Мәселен, Алла Тағала: «(Мұхаммед! Оларға): «Егер Алланы сүйсеңдер, онда маған ілесіңдер, сонда Алла да сендерді жақсы көреді» де»; «Әлбетте, бұл – Менің тура жолым. Соған ілесіңдер! (Басқа) жолдарға ілеспеңдер. Әйтпесе олар сендерді Оның жолынан айырады», – дейді. Алла елшісі (с.а.с.) құтпаларында: «Сөздердің ең жақсысы – Алланың Кітабы, жолдардың ең жақсысы – Мұхаммедтің жолы. Ал істердің ең жаманы – жаңадан ойлап табылғандары. Себебі кез келген жаңалық – бидғат, ал әрбір бидғат – адасушылық», – деп жиі айтатын. Осы хадистің басқа риуаятында бұл айтылғандарға қосымша: «Әрбір адасушылық тозақта», – делінген.

материал «Имам ән-Нәуәуи таңдаған қырық хадис шархы» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: