Омар ибн Әбу Сәләмә (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с) маған: «Алдымен «Бисмилләһ» деп айт. Содан соң оң қолыңмен, өз алдыңнан же», – деп айтты», – деген (Бұхари, атғимә 2; Муслим, әшрибә 108).
Айша анамыз (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с): «Кімде-кім тамақтанатын болса, алдымен («Бисмилләһ» деп) Алла тағаланың атын атасын. Егер ас-ауқат ішуден бұрын Алла тағаланың атын атауды ұмытып кетіп, аузына ас түскенде ғана есіне түссе, «Бисмилләһи әууәләһу уә әхираһу» (Астың алдында да, соңында да Алланың есімін айтамын) – деп айтсын», – деген (Әбу Дәуіт, атғимә 15; Тирмизи, атғимә 47).
Әбу Умәма (р.а.): «Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дастарханнан тұрарда: «Аллаға сансыз, риясыз, берекелі, толассыз әрі онсыз болмайтын130 мадақпен шүкір айтамын. Ол – біздің Раббымыз!» – деп ас қайыратын еді», – деген (Бұхари, атғимә 54). Муғаз ибн Әнәстен (р.а.) жеткен хадисте: «Расулалла (с.ғ.с): «Кімде-кім тамақ ішкеннен кейін: «Менің күш-қуатымсыз-ақ мені осы тағаммен тамақтандырған, һәм оны маған ризық-несібе етіп берген Аллаға мадақ пен шүкіршілік айтамын» – десе, оның өткен күнәлары кешіріледі», – деп айтты»
материал «Хадистер жинағы» кітабынан алынды,
ummet.kz