25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әбу Бәкрдің р.л.ғ. муртадтармен күресі

Ислам жұлдыздары

Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) көзі тірісінде-ақ Хижәз (Аравия түбегі) пұтқатабынушылықтан тазартылған болатын. Тіпті, пұтқа табынғандар болса да, олардың саны тым болмашы еді.

 

Дегенмен, мұсылмандардың ішінде дінді жүрек қалауымен емес, бәлкім олжа, дәулетке қол жеткізу мақсатында қабылдағандар болды. Нәбидің (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) дүние салуы соларды діннен ашық түрде бас тартуға итермеледі. Дінде мұндайларды «муртад», яғни «діннен қайтқан» деп айтады.

Тарихқа назар салар болсақ, діннен бас тарту Пайғамбарымыздың (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) көзі тірісінде орын алған болатын. Мысал ретінде Бәни Ханифа тайпасынан болған ямамалық Мусайләма ибн Хабибті, йемендік Әл-Асуад Әл-Ғансиді және Бәни Тамим тайпасынан болған Сәжәж есімді әйелді айтса болады. Бұлардың әрбірі өзін пайғамр етіп жариялаған болатын. Сонымен қатар Пайғамбарымыз (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) о дүниелі болысымен-ақ Асад тайпасынан болған Туләйха ибн Хуайлид өзін пайғамбар етіп жариялады.

Ямамалық Мусайләма ибн Хабиб те, йемендік Әл-Асуад Әл-Ғансиді де, Туләйха ибн Хуайлид те, бәрі тайпа көсемдері болатын. Арадағы қатынастары ру-тайпалық қағидаттарына негізделген үш тайпаның адамдары көсемдеріне еріп жаппай кәпір болып кетті.

Сонымен қатар муртадтықтың өзге де көріністері болды. Мәселен, Нәби (солләл-лаһу ъаләйһи уә салләм) о дүниелі болғаннан соң кейбір адамдар зекет төлеуден бас тартты. Осындай жағдайда Әбу Бәкрдің р.л.ғ. міндеті діннен бас тартқандармен күрес жүргізу ісімен шектелмеді. Сонымен қатар тарих сахынасына жаңа енген жас мұсылман мемлекетінің шекараларын қорғау керек болатын. Осы себептен де ғалым Әбу Бәкрдің р.л.ғ. халифалық дәуірі Ислам тарихындағы ең ауыр кезеңге жатқызған.

Абдуссамад МАХАТ, 

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы

Бөлісу: