25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Әбу Бәкрдің р.л.ғ. халифалық дәуіріндегі әскери жетістіктер

Ислам жұлдыздары

Һижри 12 жылы муртадтардың көзі жойылғанан соң мұсылмандар мемлекеті кеңею дәуірі басталды.

Жалпы, ӘбуБәкрдің р.л.ғ. халифалық дәуіріндегі әскери жетістіктерді екі кезеңге бөлсе болады:

1. Мұсылмандар Иракты иеленуі;

2. Шамды иеленуі.

Иракты иелену ісінде сайфуллаһ (Алланың семсері) болған Халид ибн Уалидтың р.л.ғ. септігі мол болды.

Халид ибн Уалид р.л.ғ. – мұсылман тарихындағы атақты әскери қолбасшы. Халид ибн Уалид р.л.ғ. бірде-бір шайқаста жеңілмегені белгілі.

Халид ибн Уалидтің р.л.ғ. әскери жетістіктері Әл-Әбуллә шаһарын иеленуден басталды.

Әл-Әбуллә – Ирактың оңтүстік-батысындағы Басраның маңындағы қала. Содан бұрын Әл-Әбуллә 600 жыл бойы парсылардың билігінде болатын.

Халид Ибн Уалидтің р.л.ғ. Ирактағы жетістіктері Фирадтың маңында византиялықтар мен парсылар әскерін талқандаумен тәмамдалды.

Фирад – Шам, Ирак және Әл-Жәзира араларындағы шекаралық шаһар.

Һижри 12 жылы мұсылмандар Шамды иеленді. Сол жылы Ражәб айында Әбу Бәкр р.л.ғ. Шамға төрт топ әскерді жөнелткен болатын:

1. Дамаскіге - әскери болбасшысы Язид ибн Әби Суфйан р.л.ғ.;

2. Урдунға - әскери болбасшысы Шурахбил ибн Хасан р.л.ғ.;

3. Хамсаға - әскери болбасшысы Әбу Убайда ибн Әл-Жәррах р.л.ғ.;

4. Палестинаға - әскери болбасшысы Ғамр ибн Әл-Ғас р.л.ғ.;

Абдуссамад Махат

 

«Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы 

Бөлісу: