27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Жұма намазында сіз білуге міндетті болған амал

Жұма намазында сіз білуге міндетті болған амал

Иман келтіру

иманЖұма күні – күндердің ең абзалы әрі мұсылмандардың мейрамы болып есептелінеді. Сонымен қатар бұл күні жұма намазы оқылады. Егер мұсылман бұл күнді және жұма намазды қадірлеп, әдептерін ұстанса Алла оның сауабын арттырып, күнәларын кешіреді.

Жұма намазында сіз білуге міндетті болған амалдар мыналар:

Құтпа айтылып жатқан кезде, мүмкіндігінше имамға жақын отырып, бос сөздер мен бекер істермен айналыспай құтпаға мұқият құлақ салу. Бұл әдепке Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) мына сөзі дәлел:

«Әрі Имамға жақынырақ жерден орын алса. Имамның сөзіне мұқият құлақ салып, бос сөз және бекер істермен айналыспаса... - деген сөзі. Төмендегі екі хадис те осы әдепке дәлел болады: Егер жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде қасыңдағы жолдасыңа; «құтпаға құлақ сал» деп айтсан, бос сөз айтқанмен тең боласың...» /Абу Һурайрадан Бухари мен Муслим риуаят еткен/

«Кім дәретін жақсылап алып, жұмаға келіп имамның сөзіне мұқият құлақ салып тыңдаса, онда оның екі жұма арасындағы күнәлары кешіріледі. Оған қосымша үш күндік күнәлары тағы кешіріледі. (Яғни, он күндік күнәлары кешіріледі, егер ол адам үлкен күнәларға ұрынбаған болса). Және кім құтпа кезінде таспен ойнаса, онда ол бос іспен айналысқан болып есептелінеді. /Абу Һурайрадан Муслим мен Абу Дауд келтірген/. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) кезінде адамдар кілем, жайнамаз төсеместен жәй жердің үстіне намаз оқи беретін. Сондықтан қазіргі уақытта таспен ойнау сияқты істердің қатарына кілем, қаламсап, телефон сияқты т.б. заттармен де ойнау кіре береді.

Құтпа кезінде тізені құшақтап отыру макрух. Муғаз Ибн Анас әкесінен мына хадисті келтіреді: Пайғамамбарымыз (с.ғ.с) жұма күні имам құтпа айтып жатқан кезде тізені құшақтап отырудан тиған. /Тирмизи, Ибн Мажа, Ал-Хакимдер риуаят еткен. Албани хасан хадистерден деген/. Бұл хадиске байланысты Имам Хаттаби былай деген: «Тізені құшақтап отырудың тиым етілуінің себептері ; бұл отырыс ұйқыны шақырады, әрі дәреттің бұзылуына да себеп болуы мүмкін. Сонымен қатар әуреттің ашылып қалуы да ықтимал». /Тухфатул Ахуази Сунан Тирмизидің шархы/.

Жұма күніндегі дұғаның қабыл болатын сәтіне тұс келу мақсатында ол уақыттарды дұғалармен, зікірлермен толықтырып өткізіп алмауға тырысу. Абу Һурайрадан келген хадисте Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) былай деп айтқан сөзі бар: «Жұма күні бір сәт бар. Егер мұсылман пенде намаз оқыған хәлінде сол сәтке тұс келіп Алладан бір қажетін сұраса, Алла оған сұрағанын береді.Әрі ол кісі сол сәттің аз ғана уақыт екенін қолымен ишарат етіп көрсетті...» /Бухари, Муслим риуаяттарынан/.

ummet.kz

 

Бөлісу: