26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Шүкір ету – пенденің Алла тағала алдындағы міндеті

Шүкір ету – пенденің Алла тағала алдындағы міндеті

Иман келтіру

Аса Рақымды Мейрімді Алланың атымен бастаймын.

Шүкір ету – пенденің Алла тағала алдындағы ең үлкен міндеті.

«Бақара» сүресінің 152 аятында: «Мені естеріңе алыңдар, сонда Мен де сендерді еске аламын. Маған шүкіршілік етіңдер, күпірлік етпеңдер» делінген.

Кімде-кім шүкір етер болса, Алла тағала оның несібесін кеңейтеді. Бұл жайын да Қасиетті Құранда: «Сонда Раббыларың: «Егер шүкір етсеңдер, ныңметімді еселей түсемін. Ал көрсоқырлық қылсаңдар, расында азабым қатты» деп білдірген еді» деді.

Дана Абай атамыздың өзінің отыз сегізінші қара сөзінде шүкіршіліктің маңызы мен нығметі жайлы: «Ғибадаттың бәрі шүкіршіліктен туады. Енді зинаһар ғадаләт, шапағаттан босанбаңдар. Егер босансаң, иман да, адамдық та, һаммасы босанады. Сахиб нығметке шүкіршілігін жоқ болса, әдепсіздікпеннен күнәһар болмайсың ба?» деп айтылған.

Пайғамбардың (с.ғ.с) өзі Алла тағаланың нығметтеріне шүкір етуде үмбетіне үлкен үлгі. Ол түні бойы Раббысына құлшылық қылып, аяқтары ісігенше намаз оқыған. Сонда оған жұбайларының бірі: «Уа, Алланың елшісі! Өзіңізді неге соншалықты қинайсыз? Сіздің бұрыңғы да, кейінгі де күнәларыңызкешірілген жоқ па?» - дегенде, адамзаттың ардақтысы: «Олай болса, шүкір етуші пенде болуым керек емес пе?» - деп жауап береді.

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) шүкіршілік етіп, әрдайым құлшылықты ұмытпауға үйрететін бір дұғасы бар: «Иә, Алла! Біздің саған шүкіршілік етіп, Сені әрдайым еске алып, Саған көркем түрде құлшылық етуімізге жәрдеміңді бер!» (Ахмад, Әбу Нағим)

Адам баласы бар нығметтеріне Аллаға шүкір деп айтуы тиіс. Қолда бар қарапайым нәрселерге шүкір етпейміз. Көзіміз бар, ол көреді, құлағымыз бар, ол естиді, асқазанымыз дұрыс жұмыс жасайды, қолы бар, аяғы бар, осы әрбір нығметке адам баласы Аллаға шүкір мен алғысын айуы керек. Адам қанша шүкір етсе Алла тағала сонша нығметтер адам баласына береді.

Адам баласы ағзамыздың қолдануын ойланса үлкен нығмет екенің түсінеді. Мысалы, адамдар тамақтанған кезде қолданатын ағзалары, адам баласы асты алу үшін бір құралға мұқтажбыз. Алла тағала сол үшін екі қолды жаратты, осы екі қолмен қалағанымызды ала алмыз. Осы қолдармен айналасында не бар болса, соны алуға ыңғайлы етіп, қолды түрлі бағытқа бара алатын етіп жаратты. Қолдарымызды жиналып, ұзартындай икемді етіп жаратты, ал егер оқтаудай тіп-тікке болса қайтер едік? Ұстап алуға ыңғайлы қылып бес саусақты алақанды жаратты. Саусақтардың өзіне әр түрлі пішін беріп, бір-біріне үйлесімді, жұмыс істеуге оңтайлы етіп жаратты. Егер бұлар бірге болғанда немесе бір-бірінің үстінде орналасқандағ керекті қызметін атқара алмас еді. Сондай-ақ алдындағы асты алып жеудің өзі қиынға соғар еді. Сондықтан олардың арасын ашқанда айыр, біріктіргенде ожау секілді, ал жұмсан тас-түйін жұдырық болады. Сосын саусақтардың ұштары жайылып кетпей, саусақпен ала алмағанды осы тырнақпен алу үшін Алла тағала олардың бастарына тырнақ жаратқан. Тырнақтарды саусақтардың ұштарын қорғайтындай қылып қаптап қойды.

Бұл қолымыздың тек қана тамақтану үшін ғана пайдалану тәсілі. Аяқ, көз тағыда басқа дене мүшелеріміздің функцияларын айта кетсек, Аллаға көп шүкірлер айтуымыз қажетпіз.

Тіпті ішіп-жеген асымызды табиғи жолмен сыртқа шығарудың өзі де шебер Жаратушының үлкен жақсылығы. Табиғи жолмен қажетімізді өтеудің қадірін ұғыну үшін ауруханалардағы бұл нығметтен мақұрым жандарды барып көріп, тәубеге келіп, шүкір айтуға болады.

Шүкіршілікте Алла Тағаланың разылығы бар. «...Егер шүкіршілік етсеңдер, сендерге разы болады...» (39:7)

Пайғамбарымыздың: «Ақиқатында, әрбір желінген тілім мен әрбір жұтым үшін Алла Тағалаға шүкіршілік ететін пендесіне Ол міндетті түрде разы болады» (Мүслим) деген хадисі бар.

Адамдардың адамдарға жасаған жақсылықтары үшін шүкіршілік етулері де Аллаға шүкіршілік ету болып табылады. Бұл туралы Әбу Хурайра (р.а.) хазіреті Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) риуаят етіп былай деген: «Кімде-кім адамдарға шүкіршілік етпеді (етпесе), ол Аллаға шүкіршілік етпеді».

Осы хадистің басқа бір мәтінінде: «Кімде-кім адамдарға шүкіршілік етпейтін болса, ол Аллаға шүкіршілік етпейді» делінген.

Міне, мәлім болғанындай, адамдардың жақсылығына шүкіршілік ету Аллаға шүкіршілік ету болып табылады. Ал адамдардың жақсылығына шүкіршілік етпеу Аллаға шүкіршілік етпеу болып табылады. Осы мәселеге қатысты «Алты бармақ» кітабында бір өнегелі мысал келтірілген: Мысал (Мәсел). «Бір күні сая (көлеңке) өз ағашына: «Мен сенің бірге туылған серігің, әрі айырылмас көршідей болған сәтте екеуміз бірге дүниеге келдік, бірге өсіп, ұлғайып келеміз. Бірақ, сен сараңдық жасап, үнемі мені кемсітесің: қалай күннің жүзін көрейін десем, маған бөгет болып, күннің жүзін көрсетпейсің. Тіпті, күннің өзі әркез мен жаққа қарай ауса болғаны, сен дереу сол тараптан перде болып шыға келесің» - деді. Көлеңкенің бұл сөзіне ағаш былай деп жауап берді: «Ей, көлеңке, мен саған бөгет жасайтын сараң емеспін. Негізінде, менің үнемі күнді көріп тұратындығым, ол менің күндіз де, түнде де тік тұратындығымда. Ал сен болсаң үнемі жамбастап дем алып жатасың, солай болған соң сен күннің жүзін қалай көрмек боласың»? - дейді».

Өміріміздің кез-келген сәттерінде бақыттың қадірін түсініп, шүкір етіп жүру имандылықтың көрінісі. Бірде Пайғамбар (с.ғ.с) сахабаларының алдына шығып: «Уа, сахабаларым! Қалай тұрдыңдар?» - деп сұрапты. Сонда сахабалар: «Аллаға мүмін болып тұрдық, уа, Расулалла!» - деп жауап береді. Пайғамбар (с.ғ.с): «Имамдарыңның белгісі қандай?» - деп сұрағанда сахабалар: «Бәле-жалаға сабыр, жағдайға шүкірлік, тағдыр-қазаға разылық білдіреміз», - дейді. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Ендеше, Қағбаның Иесімен ант етейін, сендер нағыз мүмінсіңдер», - дейді.

Алла тағала баршамызды шүкір ететіңдердің қатарынан болуды нәсіп етсін!

Әйкерім Қазбекқызы,

«Нұр Астана» мешітінің ұстазы

Бөлісу: