26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алланың қамқорлығында болғыңыз келсе...

Алланың қамқорлығында болғыңыз келсе...

Иман келтіру

Әбу Һурайра ﴾р.а.﴿ жеткізген хадисінде: «Жеті түрлі адамға Алла тағала ешбір сая жоқ күні аршының көлеңкесінен жай береді, Олар: әділ имам (басшы); Аллаға бойұсынып, ғұмырын құлшылықпен өткізген жас жігіт; мешітке жүрегі байланған кісі; бірін-бірі Алла жолында жақсы көріп, Алла разылығы үшін бас қосып, Алла разылығы үшін мәжілістерінен айырылатын екі адам; мансапты да көрікті әйел шақырғанда: «мен Алладан қорқамын» деп харамнан қашқан ер кісі; Оң қолы бергенін сол қолы білмейтіндей жасырын садақа еткен кісі; жалғыз қалғанда Алла тағаланы еске алып, егіліп көзіне жас алған адам», – деп баян етілген.

Махшар – адамзаттың ақыретте қайта тіріліп, жақсылығы мен жамандығы таразыға тартылып есеп беретін жері. Міне осы жерде пенде өз басымен қайғы болады. Әркім сол жерде өзінің аман қалуынан басқа еш нәрсе ойламайды. Сүлеймен ибн Муқатил (р.а.) былай дейді: «Қиямет күні адам алғаш тірілген кезде, тіл қата алмай жүз жыл тұрады. Жүз жыл қатты сасып, әбігерге түсіп, қараңғылықта қалады. Жүз жыл Құдай тағаланың құзырында жауапқа тартылады. Бұл кезде бір-бірлерімен дауласады. Қиямет күнінің ұзақтығы біздің жылымызбен елу мың жылға жуық».

Міне осындай ауыр күні біреу азап шегіп, енді бірі күннің ыстығына күйіп, әркім өзімен-өзі әлек болып жатқанда, жоғарыда айтылған жеті топ Алла тағаланың «Аршысының» көлеңкесін паналап, қиямет үрейінен қашық болмақ. Өйткені бұл жандардың бұл өмірдегі амалдары өзгелерден үстем әрі ерекше болған еді.

ummet.kz

Бөлісу: