26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мұсылман еткен Аллаға мадақ!

Мұсылман еткен Аллаға мадақ!

Иман келтіру

Адам баласы қол жеткізген нығметтердің барлығы Алла Тағаланың сыйлығы болып табылады. Сондай-ақ, Алланың нығметтері есепсіз көп. Бұл жайлы «Нахл» сүресінің 18-аятында Алла Тағала: «Алланың нығметін санасаңдар санына жете алмайсыңдар. Әлбетте Алла жарылқаушы, (әрі) рақымшыл», - деген.

«Субханалла» деген сөз күнәларды кешіреді. Намаз – келесі намазға дейінгі қателіктерді өшіреді.

Жарты құрма Оттан қорған. Садақа – Раббыңның ашуын сөндіреді.

Құран – өз егелеріне шапағат етуші. Екі-ақ сөз амал таразысын ауырлатады. Субхан Аллаһи уә бихәмдиһ уә Субхан Аллахи-азыйм.

Дәрет – барлық дене мүшелердің күнәсін төгеді. Ал барлық жақсылық он еселенеді.

Пайғамбар (с.ғ.с) шапағат етуші. Періште сен үшін кешірім сұрайды.

Жымисаң, сауап аласың, ауырсаң, тағы сауап. Сабыр етсең, шыдамның артында қуаныш бар. Ал жақсылық қылсаң, өзіңе еселеп қайтады.

Алланы – Раббым, Исламды – дінім, Мұхаммедті (с.ғ.с) – пайғамбарым деп разы болайық!

ummet.kz

Бөлісу: