27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Халал мен харамның аражігі

Халал мен харамның аражігі

Иман келтіру

Халал және харам – барша мұсылман қауымының күнделікті тұрмыс-тіршілігіне  қатысты шариғат шеңберін қамтитын тек Ислам дініне тән ұғым.

Мұсылманға тән халал тағам Құран Кәрімде анық айтылып, шариғатымызбен бекітілген. Сондықтан қандай жағдай болмасын, әрбір мұсылман халал мен харамға көңіл бөлуге міндетті. «Халал» терминін қазақ тіліне аударғанда «рұқсат етілген», «адал», «таза», «шариғат бойынша жасауға болады» деген мағыналарды білдіреді. Ал, шариғат шеңберінде нақты тыйым салынған, адам денсаулығына зиян келтіретін, қоғамға да үлкен зардабын тигізетін лас заттар мен әрекеттер харам болып есептеледі.

Алла Тағала жер бетіндегі барлық жаратылыстыадам игілігі үшін жаратқан. Бұл оның адамзатқа дегенерекше шарапаты. Бұл туралы Құранда: «Алла жер жүзіндегі барлық жаратылысты сен-дер үшін жаратты», - деп тікелей айтылады. Бірақ осыжер бетіндегі нәрселердің бәрін адамзат пайдалануында, ішім-жемге келгенде солардың ішінен халалын ғана ішіп-жеуге тиісті. Алайда адам баласы қайсысының халал,қайсысының харам екенін біле алмайды. Сол себепті Хақ Тағала шариғат заңында сол халал мен харамды ажыра-тып бөліп көрсеткен. Яғни жер бетіндегі жеуге қатыстынәрселердің қайсысын Құдай Тағала «халал» деп көрсеткенболса, онда ол халал, қайсысын «харам» деп көрсетсе, олхарам болмақ. Жаратқан Жаппар Иеге иман келтірген бірмұсылман әсте «мынау нәрсе маған пайдалы, ендеше, бұлхалал болуы керек, мына нәрсе пайдасыз, ендеше, харамболуы керек» демей, Алланың шариғатына мойынсұнуыпарыз. Пенде білмейді, Жаратқан біледі.

Сондықтан «Маида» сүресінде: «Бүгін сендергежақсы нәрсе халал етілді»,6-десе, «Ағраф» сүресінде: «Жақсы нәрселерді халал жаман нәрселерді харам қылады», -деп айқындап берген. Ендеше Құран мен хадистерде халал және харам ет-тер туралы үкім айтылған. Осы заңдылыққа толықтайкөз жүгіртетін болсақ, Құран мен сүннетте еті халал жан-жануарлардың тізімін емес, тек қағида өлшемдерменғана шектелгенін байқаймыз. Олай болса, шариғаттаайтылмаған жан-жануарлар сол өлшемдерге қатысты халал мен харам болып бөлінбек.

материал «Отбасы ғылымхалы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: