26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Алланың рахымының материалдық көріністері

Алланың рахымының материалдық көріністері

Иман келтіру

Құран Кәрімге қарайтын болсақ, Алланың рахымының бір жалпы, бір жалқы қырларының бар екендігін көреміз. Алла, жалқы рахымын, сүйіспеншілігін разы болған құлдарына берген.

Сонымен қатар, Алланың жалпы рахымы, осы дүниедегі барлық тіршілік иелерін қамтиды. Оның осы жалпы рахымының кеңдігі соншалық, адамдардың көбі өзіне иман келтірмесе де, ешқандай бөліп-жармай жер бетіндегі барлығына тамаша өсімдіктерден жұп-жұп етіп жаратқан.

Алла осы дүниеде ризық есіктерін барлығына ашқан. Құрғақ топырақтың жаңбырдан кейін тірілуі, оның жалпы рахымының бір белгісі. Осы сынақ немесе дүниеде берілген асығыс жаза жағдайын қоспағанда, ешкімге өз қолымен лайықты болған нәрсеге жетуіне кедергі болмайды. Бірақ, Алланың жалқы рахымы ақыретте тек разы болған құлдарына ғана жазылған.

Мамандықтардың, соған байланысты кіріс мөлшерінің әртүрлі болуы да Алланың жалпы рахымының бір бөлшегі. Алла, дүние өмірінде жалпы рахымын әртүрлі мөлшерде тарату арқылы адамдардың бір-бірлерінің қажеттіліктерін қамтамасызе етуіне қолайлы жағдай жасаған. Осыған байланысты түнді демалыс, күндізді күнкөріс үшін еңбек ету уақыты етіп жаратуы Алланың жалпы рахымының бір көрінісі. Жел, Алланың жалпы рахымын барлық құлдарына жеткізу үшін жаңбыр арқалаған бұлттарды оның қалаған жеріне жеткізеді. Жер бетінде адамдар етінен, терісінен, басқа да ерекшеліктерінен пайдаланатын барлық жануарлар да Алланың жалпы рахымының көрінісі.

Сонымен бірге оның разы болған құлдары үшін бөлген арнайы рахымы да бар. Бұл рахымын тек соларға ғана береді.

материал «Алланың әділдігі мен рахымы» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: