01
Жұма,
Қараша

һижри

Іс-әрекетпен жасалатын дұға

Іс-әрекетпен жасалатын дұға

Иман келтіру

Алла Тағала, әлемде орын алған бүкіл құбылыстарды себептермен байланыстырып қойған. Әрі әлемде, әрі ішінде өмір сүріп жатқан кеңістіктегі барлық нәрсе Алланың жоспарлаған себеп-нәтижесіне қарай бағыт алады. Қалағанына қол жеткізгісі келген адам, оның себептеріне де бағынуы тиіс. Сынақта жақсы нәтижеге қол жеткізгісі келген шәкірттің сабаққа дайындалуы іс-әрекетпен жасалатын дұғаға жатады.

Адамның Алладан тілегені орындалуы үшін Алланың оған үйреткен себептері мен шарттарын қолынан келгенінше орындап, нәтижесін Алладан ғана күтеді. «Әрбір адам өзінің еңбегінің ғана қарымын алады» («Нәжм», 53/39) мағынасындағы аятта адамдардың еңбектері мен нәтижесі арасындағы байланысқа назар аударып, бұл еңбектің іспен жасалған дұға екендігіне назар аударған. Малы ауырып, айығуы үшін жай дұға тілеген біреуге «дұғаңа ептеп дәрі-дәрмек қос» деуі іспен жасалған дұғаға өте керемет мысал.

Бір істің атқарылуы үшін қолын жайып дұға, тілек жасап, бірақ іс-әрекет жасамай отыруы қаншалықты қате іс болса, дәл солай атқарылуы керек істі атқарып болғаннан кейін «бұл істі мен атқардым» деп Алладан нәтижесін тілемеуі де дұрыс емес.

материал «ҚМДБ сұрақ-жауап» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: