01
Жұма,
Қараша

һижри

«Құдайға да жақсы адам керек» деп айту дұрыс па?

«Құдайға да жақсы адам керек» деп айту дұрыс па?

Иман келтіру

«Құдайға да жақсы адам керек!» Өмірден ерте озған адам туралы қазақ әдетте осылай айтады. Алайда, осылай дөп басып айту қаншалықты дұрыс?

Жақсы адамды қажет етсе, Алланың өзі-ақ жаратып алады. Кейде сөйлейтін сөзіміздің мағынасына мән бермей, байыбына бармай жатып жаза (айта) салатынымыз бар. Фәниден бақиға бір кісі көшсе, «Құдайға да жақсы адам керек» дей саламыз. Бұлай айтуды – қара жамылып, жақынынан айырылып қалған адамға, сол отбасыны сабырға шақырып, жұбату мақсатында айтылған басу сөз деп қабылдауымыз керек.

Бұл бейпіл сөзді сөздік қорымыздан алып тастайтын уақыт келді. Біріншіден, жоқтан бар етіп Жаратушы Алла тағала адамға (жақсы адамға) мұқтаж емес. Алла – Әс-Самад! Өйткені бүкіл тіршілік иесін Алла өзі жаратты. Яғни біз қателесіп айтып жүргендей жақсы адам керек болса өзі-ақ жаратып алуына құдіреті жетуші – Әл-Халиқ.

Екіншіден, жасы ғасырға таяп қалған қарт, кейуаналарымыз жер бетінде жаман болғандығынан жүр ме, сонда? Әрине, жоқ. Адамға өлшеулі ғұмырды сыйлаушы да, қайтарып алушы да бір Алла! Адам Жаратушысысыз бір күнде өмір сүре алмайтынын түсінуі қажет. Себебі, «Бізге Алланың жазғанынан басқа нәрсе тимейді» («Тәубе» сүресі, 51-аят). Сондықтан, Алланың ашуын келтіретін мұндай сөздерден абай болғанымыз жөн.

 

ummet.kz

Бөлісу: