26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Неліктен адамдар дәреже тұрғысында әртүрлі?

Иман келтіру

Алла Тағала адамдардың арасына байлық, ризық-несібе, ақыл-ес, түсіну және өзге де көрініп тұрған не көрінбейтін мүмкіндіктер тұрғысынан айырмашылықтар жасаған. Адамдар осы секілді тіршілік қажеттерінде бірдей болмағанындай, дәреже тұрғысында да бірдей емес.

«Әркімге жасаған амалдарына қарай дәрежелер бар» («Әнъам» сүресі, 132-аят). Әрі біреудің дәрежесі біреудікінен жоғары не төмен болуының өзі ‒ дүние алаңында бекітілген бір сынақ. Бұл жайлы Құранда: «Ол сендерді жердің халифалары /бірін-бірі ауыстырып отыратын ұрпақ еткен және сендерді Өзінің бергенінде сынау үшін дәрежелерде біріңді-біріңнен жоғары көтерген», ‒ делінеді. («Әнъам» сүресі, 165-аят)

Қазақтың «Біреуден ілгері, біреуден кейін өмір сүріп жатырмыз» дейтін сөзі бар. Бұл сөздің мағынасы Құран аятымен астасып жатыр. Шынында да, дүниелік дәрежелерде біреудің біреуден жоғары болуы Алланың заңы екен. Мұның сыры мына аятта әдемі түсіндіріледі: «Оларға осы өмірдегі тіршілік қажеттерін Біз үлестірдік. Әрі бірін-бірі жұмыс істеуге алуы үшін дүниелік дәрежелерде олардың бірін кейбірінен жоғары көтердік. Әрі Раббыңның Мейірімі олардың жиғандарынан қайырлы», ‒ деген. («Зухруф» сүресі, 32-аят)

Яғни, Алла Тағала адамдардың арасында бір-бірімен байланыстың болуы, араласуы үшін бір-біріне мұқтаж етті. Дүниелік істерде адамдардың әрқайсысының өз орны бар. Біреулерінің істегенін өзге біреулері істей алмайды. Алла Тағала әркімге әртүрлі қабілет (ақыл, білім, күш-қуат, байлық, еркіндік және т.б.) берген. Осындай қарым-қатынаста әркім өз мақсатына жетеді. (Шаукани)

Алайда, бұл өмірде ғана биік дәрежеге жетсем деу ‒ көксеуге тұрарлық іс емес. Себебі, дүние қандай өткінші, жалған болса, жеткен дәрежең де сондай баянсыз, ғұмыры шолақ болмақ. Дүниеде де, Ақиретте де дәрежесінің жоғары болуын, адамдардың ғана емес, аса ұлы Алланың алдында қадірі артуын тілек ету һәм соған сай амал етіп, талпыну ‒ нағыз асыл мұрат, міне, осы. Себебі, Алла кімді құрметке бөлесе, онда оны төмендетуші болмайды. Алла кімді қор етсе, оны құрметтеуші жоқ...

материал «Ислам дегеніміз не?» кітабынан алынды

ummet.kz

Бөлісу: