26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Періштелер сіз үшін жауап беретін жағдай

Періштелер сіз үшін жауап беретін жағдай

Иман келтіру

Періштелердің сіз үшін жауап беретін жағдайының бірі – сіз ұрыс-керістен қашып, сабыр сақтаған кезде қасыңызға періштелер келеді.

Пайғамбардың (с.ғ.с) мәжілісінде Әбу Бәкірді бір кісі (р.а) сөге бастайды. Алла Елшісі (с.ғ.с) Әбу Бәкірдің (р.а) үндемей, сабыр еткеніне қарап сүйсіне күлімсіреп отырады. Қоймаған соң арада біраз уақыт өткенде Әбу Бәкір (р.а) әлгі кісінің сөздеріне жауап қайтара бастайды. Сол кезде Алла Елшісі (с.ғ.с) ашуланған түр көрсетіп, орнынан тұрып кетеді. Әбу Бәкір (р.а) Пайғамбардың (с.ғ.с) артынан қуып жетіп: «Иә, Алланың Елшісі! Ол мені сөгіп жатқанда сен отырған едің ғой. Ал жауап қайтара бастағанымда ашуланып тұрып кеттің. Мұның себебі не?»  деп сұрайды. Сонда Пайғамбарымыз (с.ғ.с): «Өйткені, сенімен бірге сен үшін жауап беріп жатқан періште бар болатын. Ал сен оның кей сөзіне жауап қайтара бастағаныңда періште кетіп, шайтан келіп отырды. Ал мен шайтанмен бірге отырмаймын», – деді.

(Хасан хадис. Ахмад, Муснад, 9624. Әбу Дәуд, Сунан, 487

ummet.kz

Бөлісу: