26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Имансыз көңiл – кiрмен тең

Имансыз көңiл – кiрмен тең

Иман келтіру

Иман ақиқаты. Иман  араб  тілінде   «сену», «растау»  деген  мағынада. Ал  шариғаттағы  терминде:  Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) алып  келген  діндегі  дарури  білінген  барлық  нәрселерде  жүрекпен   растау  және  тілмен  мойындау. Бірақ  жүрекмен  растау  иманның  рүкіні  ол  ешқашан  түспейді  ал  тілмен  мойындау  кей  жайыттарда  түсіп  қалады  мысалыға:  Зорлау    немесе  сақау  кезінде. 

Пайғамбарымызды (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   растау  дегендегі  мақсат: Ол  келген  нәрсеге  бойсұну  және   оны  қабыл  ету  деген  мағынада. Сол  үшін  де  растау  бағыну   Аллаға  бойсұну  яқин  дәрежесіне  жету  керек,  тек  Алланы  білу  жеткіліксіз  болады.  Кітап  Иелері  Пайғамбарымыз  Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)   өз  ұлдарын  танығандай  танитын  бірақ бұл  таным  оларға  пайда  берген  жоқ.

«Бақара»  сүресі  146-аят:

الَّذِينَ آتَيْنَاهُمُ الْكِتَابَ يَعْرِفُونَهُ كَمَا يَعْرِفُونَ أَبْنَاءهُمْ وَإِنَّ فَرِيقاً مِّنْهُمْ لَيَكْتُمُونَ الْحَقَّ وَهُمْ يَعْلَمُونَ {146}

Өздеріне  кітап  бергендеріміз (Мұхаммедті (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  ұлдарын  танығандай  таныйды. Негізінен  олардан  бір  тобы (ғалымдары) шындықты  біле  тұра  жасырады. (146)

Алланың  рахметінен  қуылған  Ібіліс те  Алланы  таныйтын, бірақ  ол  танымы  оны  момын  еткен  жоқ.

«Хыжыр»  сүресі:

وَإِذْ قَالَ رَبُّكَ لِلْمَلاَئِكَةِ إِنِّي خَالِقٌ بَشَرًا مِّن صَلْصَالٍ مِّنْ حَمَإٍ مَّسْنُونٍ{28} فَإِذَا سَوَّيْتُهُ وَنَفَخْتُ فِيهِ مِن رُّوحِي فَقَعُواْ لَهُ سَاجِدِينَ{29} فَسَجَدَ الْمَلآئِكَةُ كُلُّهُمْ أَجْمَعُونَ{30} إِلاَّ إِبْلِيسَ أَبَى أَن يَكُونَ مَعَ السَّاجِدِينَ{31} قَالَ يَا إِبْلِيسُ مَا لَكَ أَلاَّ تَكُونَ مَعَ السَّاجِدِينَ{32} قَالَ لَمْ أَكُن لِّأَسْجُدَ لِبَشَرٍ خَلَقْتَهُ مِن صَلْصَالٍ مِّنْ حَمَإٍ مَّسْنُونٍ{33} قَالَ فَاخْرُجْ مِنْهَا فَإِنَّكَ رَجِيمٌ{34} وَإِنَّ عَلَيْكَ اللَّعْنَةَ إِلَى يَوْمِ الدِّينِ{35} قَالَ رَبِّ فَأَنظِرْنِي إِلَى يَوْمِ يُبْعَثُونَ{36} قَالَ فَإِنَّكَ مِنَ الْمُنظَرِينَ{37} إِلَى يَومِ الْوَقْتِ الْمَعْلُومِ{38} قَالَ رَبِّ بِمَا أَغْوَيْتَنِي لأُزَيِّنَنَّ لَهُمْ فِي الأَرْضِ وَلأُغْوِيَنَّهُمْ أَجْمَعِينَ{39} إِلاَّ عِبَادَكَ مِنْهُمُ الْمُخْلَصِينَ{40} قَالَ هَذَا صِرَاطٌ عَلَيَّ مُسْتَقِيمٌ{41} إِنَّ عِبَادِي لَيْسَ لَكَ عَلَيْهِمْ سُلْطَانٌ إِلاَّ مَنِ اتَّبَعَكَ مِنَ الْغَاوِينَ{42} 

(Мұхаммед (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)сол  уақытта  Раббың  періштелерге: «Бейнеленген  қара  балшықтың  кеуіп, сыңғырлағанынан  адам  жаратамын» деді. (28) Оның  жаратылысын  тамамдап, оған  рухымнан  үрлеген (жан  салған)  сәтте, оған  сәжде  қылыңдар! (Бас иіндер!) (29) Сонда  періштелер  тұтас  сәжде  қылды. (30) Бірақ, Ібліс  сәжде  қылушылармен  бірге  болудан  бас  тартты. (31) Алла Тағала «Әй  Ібіліс! Сен  неге  сәжде  қылушылармен  бірге  болмадың?» деді. (32) (Ібіліс) «Сен  бейнелеген  қара  балшықтың  кеуіп, сыңғырлағанынан  жаратқан  адамға  сәжде  етуіме  болмайды» деді. (33) (Алла): « Онда  сен  Жәннаттан  шық. Өйткені, сен  қуылдың» деді. (34) «Шынында,  саған  қиямет  күніне  дейін  лағынет  бар...» (35) (Ібіліс): «Ендеше, Раббым! Маған  қайта  тірілетін  күнге  дейін  кеңшілік  бер» деді. (36) (Алла, Ібіліске): «Расында,  саған  кеңшілік  берілді» деді. (37) «белгілі  бір  мерзімге  дейін» (38) (Ол): «Раббым, мені  қаңғыртқандығың  үшін; әлбетте  адам  баласына  жер  жүзіндегі (жаман) нәрселерді  жақсы  көрсетіп, олардың  барлығын  адастырамын» деді. (39) «Бірақ, олардың  ішіндегі  нағыз  құлдарыңды  адастыра  алмаймын» (деді.) (40) (Алла) «Маған  келетін  тура  жол  осы» деді. (41) «Менің  шынайы  құлдарыма  ықпалың  жүрмейді. Бірақ, саған  кім  ерсе, адасқандардан  болады» (42)

Тілмен  шаһада  айту  дүниедегі  үкімдерді  орындау  үшін  шарт  болады . Мысалы:  Оған   жаназа  намазын  оқу, мұсылмандардың  қабіріне  қою  және  одан  да  басқа  нәрселер  секілді. Әрине  ол  Ислам  дінінде  болмаған  адам  үшін, ал  мұсылмандардың  балалары  дүниедегі  үкімдерді  орындау  үшін  оларға  тілмен  шаһада  аиту  шарт  емес  өйткені  олар  туылғанынан  бастап  мұсылман  тек  олардан  иманға  қайшы  келетін  нәрселер  көрінбесе  болғаны.

Ислам  араб  тілінде  «бойсұну», «бағыну»  деген  мағынада. Ал  шариғаттағы  терминде: Пайғамбар (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  келген  нәрселерге  «бойсұну»  және  оны  «қабыл  ету»  деген  мағынада, әрине  ол  айтып  өткеніміздей  иманның  мағынасы  сол  үшін  де   Матруди  мазһабында  Иман  мен  Исламның  мағынасы  бір  оған  дәлел  «Зәрят»  сүресі  35-36  аят:

فَأَخْرَجْنَا مَن كَانَ فِيهَا مِنَ الْمُؤْمِنِينَ {35} فَمَا وَجَدْنَا فِيهَا غَيْرَ بَيْتٍ مِّنَ الْمُسْلِمِينَ{36}

«Ол  жерден  мүміндерді  шығардық .(35) Дегенмен  ол  жерде  Мұсылманнан  бір  үйден  басқа  таппадық» (Лұт  ғ.с мен  екі  қызы. Ж.) (36)

Егер айтатын  болса: « Құранда  «Хұжрат»  сүресі  14-аятында:

قَالَتِ الْأَعْرَابُ آمَنَّا قُل لَّمْ تُؤْمِنُوا وَلَكِن قُولُوا أَسْلَمْنَا وَلَمَّا يَدْخُلِ الْإِيمَانُ فِي قُلُوبِكُمْ

(Бәдеуилер: «Иман  келтірдік» деді. (Мұхаммед ғ.с) оларға: «Сендер  иман  келтірмедіңдер. Алайда: «Мұсылман  болдық» деңдер. Өйткені, иман  жүректеріңе  кірмеді.)

Бұл  аятта  имансыз  Исламның  жүзеге  асуын  айтып  жатырғой » дейтін  болса,  оларға  айтамыз: Біздің  айтып  жатқанымыз шариғаттағы  ислам  ол  имансыз  болмайды, бұл  аятта  ішкі  бойсұну  емес     сыртқы  бойсұну  мағнасында, ол  жұрегімен  растамай  тілімен  айтқан  адам  секілді.

 

Амал  мен  иман  бөлек  нәрселер. Шариғаттағы   бұйырылған  немесе  тыиым  салынған  амалдар  иманға  кірмейді  яғни  амал  жоқ  болумен  иман  жоқ  болмайды  бірақ  кемел  иманның  шарттарынан  болады . Шариғаттағы   бұйрықтар  мен   тыйымдар  иманды  бекіткеннен  кейін  келген.

«Бақара»  сүресі  183-аят:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُواْ كُتِبَ عَلَيْكُمُ الصِّيَامُ كَمَا كُتِبَ عَلَى الَّذِينَ مِن قَبْلِكُمْ لَعَلَّكُمْ تَتَّقُونَ {183}

«Әй  мүміндер! Сендерге  бұрынғыларға  парыз  қылғандай  ораза  парыз  қылынды. Әрине  сақсынарсыңдар» (183)

Иман  мен  амал  басқа-басқа  нәрсе.

«Лұқман» сүресі  8 -аят.

إِنَّ الَّذِينَ آمَنُوا وَعَمِلُوا الصَّالِحَاتِ لَهُمْ جَنَّاتُ النَّعِيمِ {8}

«Күдіксіз  иман  келтіріп,  түзу  іс  істегендер, олар  үшін  нығметі  түгемейтін  бақшалар  бар» (8)

Кейде  иман  мен  күнә  бір  жерде  жиналады.

«Хұжрат»  сүресі 9 -аят.

وَإِن طَائِفَتَانِ مِنَ الْمُؤْمِنِينَ اقْتَتَلُوا فَأَصْلِحُوا بَيْنَهُمَا

(Егер  мүміндерден  екі  топ  соғысса, дереу  араларын  жарастырыңдар)

Бухари  (5827).

عن يحيى بن يعمر حدثه أن أبا الأسود الدؤلي حدثه أن أبا ذر رضي الله عنه حدثه قال أتيت النبي صلى الله عليه وسلم وعليه ثوب أبيض وهو نائم ثم أتيته وقد استيقظ فقال ما من عبد قال لا إله إلا الله ثم مات على ذلك إلا دخل الجنة قلت وإن زنى وإن سرق قال وإن زنى وإن سرق قلت وإن زنى وإن سرق قال وإن زنى وإن سرق قلت وإن زنى وإن سرق قال وإن زنى وإن سرق على رغم أنف أبي ذر وكان أبو ذر إذا حدث بهذا قال وإن رغم أنف أبي ذر

Яхия  ибн  Яғмар  оған  әңгімелеп  берді : Расында Абу  Асуад  Аддили   оған  әңгімелеп  берді: Расында  Аба Зар (оған Алла разы болсын) оған  әңгімелеп  берді: Айтты: Мен  Пайғамбарға (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  келдім  оның  үстінде  ақ  киім  (бар  еді)  және  ол  үйықтаған  халінде  еді, сосын  оған  (кейіннен)  келген  кезде  ол  үйқысынан тұрған  (екен) , сонда  (Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  айтты  «Қандай  да  бір  құл   Алладан  басқа  тәңір  жоқ  деп  сосын  сол  (халінде) өлетін  болса  ол  жаннатқа  кіреді» . Мен «Егер  зина  істеп  және  ұрлық  қылсада  ма ?»  дедім , (Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Ол  зина  істеп  және  ұрлық  қылсада»  деді . Мен «Егер  зина  істеп  және  ұрлық  қылсада  ма?»  дедім, (Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) «Ол  зина  істеп  және  ұрлық  қылсада»  деді. Мен «Егер  зина  істеп  және  ұрлық  қылсада  ма?»  дедім . (Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)« Ол  зина  істеп және  ұрлық  қылса  да  Абу Зардың  мұрны  топырақ  болса  да»  деді. Және  Абу Зар  осы  хадиспен  әңгімелейтін  болса  «Абу Зардың  мұрны  топырақ  болса  да»  дейтін .

Үлкен  күнәлар  адамды  иманынан  шығармайды және күпірлікке де   кіргізбейді оған  жоғарыдағы аяттар пен хадистер  дәлел. Ал күнәһарлардың тозақта мәңгі болатындығына немесе иманды қайтаратын мәтіндерді  ғұламалардын  шарыхтаған  тауилдермен  түсіндіріледі.

 

Иман  көбеймейді және азаймайды. Иман көбеймейді  және азаймайды  себебі  ол  бойсұну  мен  сенім  ең   шегіне жеткен  жұректін  растауы  онда  көбею  немесе  азаю  елестетілмейді. Артып  түсу  немесе кему амалдарда, сыртқы  және  ішкі  тағаттарда  болады  өйткені олар иман бөлектерінен емес  сол үшін де құлдың  алға  басу  немесе  артқа  қайтуына байланысты  көбею  немесе  азаюды  қабыл етеді. Егер салих  амалдар мен  ғибадаттар көбейсе иман оныменен күшейеді  және  нұрланады, ал күнәлар иманды  қауқарсыз  қылып  адам  онымен  күпірлікке  кетіп  қалуы  мүмкін.

«Әнфал»  сүресі  4-аятта:

أُوْلَـئِكَ هُمُ الْمُؤْمِنُونَ حَقًّا

«Міне  солар, шынайы  мүміндер»

«Ниса» сүресі  151-аятта:

أُوْلَـئِكَ هُمُ الْكَافِرُونَ حَقًّا

«Міне  олар  анық  кәпірлер»

Алла  Тағала  серік  қосудан  басқа  күнәлардын  барлығын  кешіреді . «Ниса»  сүресі  48-аят:

إِنَّ اللّهَ لاَ يَغْفِرُ أَن يُشْرَكَ بِهِ وَيَغْفِرُ مَا دُونَ ذَلِكَ لِمَن يَشَاء وَمَن يُشْرِكْ بِاللّهِ فَقَدِ افْتَرَى إِثْمًا عَظِيمًا{48} 

Алла Тағала  өзіне  ортақ  қосылуды  жарылқамайды  да, бұдан  өзге  қалаған  кісісін  жарылқайды. Сондай-ақ  кім  Аллаға  ортақ  қосса, расында  жала  қойып, зор  күнәлы  болды.(48)

Күпірден  басқа  күнәларды  кешірудің   хикметі  өйткені  ол  азаптан  қорқудан  және  рахметтен  кешірімнен  үміт  етуден  ажырамайды , ал  күпірлік  оның  тескерісі. Күнәлардың  иесі  болған  мұсылман  өзін  кем  көреді  сосын  азаптан  қорқып   кешірімнен  рахметтен  үміт  етеді, ал  кәпір  болса  өзін  кем  көрмейді  және  азаптан  да  қорықпайды  сол  секілді  кешірімнен  рахметтен  де  үміт  етпейді.

 

Діндегі  дарури  білінген  нәрселер  яғни  ойлануды  қажет  етпейтін  нәрселер. Дінде  дәлелдері  ашық  мутауатыр  жолмен  келген  нәрселер  бар    оны   ғұламалар  да, жалпы  мұсылмандар  да   барлығы  біледі  оның  үкімін  білмейтін адам  жоқ: Мысалыға  намаз, орара, зекет, хаждың   парыз  болуы, зина, риба, ұрлық, өлтірудын  харам  болуы  секілді  үкімдер, бұл  нәрселер  айқын  ойлануды  қажет  етпейтін  білім  болып  қалған   сол  үшін  де  ол  иман  негіздерінен  болып  табылады  оны  іңкәр  қылған  адам  діннен шығады.

 

Күпірлікке  шығарудың  қатері. Имам  Насафи  өзінің  ақида  кітабында: «Біз  әһлі  қыбланың  еш  қайсысын  күпірге  шығармаймыз»  деді.  Имам  Алғунаими  Алмаидани  тахауи  ақидасында: Мухтасар  кітабынын  иесі  Хаким  Балхи  Мунтақо  кітабінда  әңгіме  қылады: (Расында  Абу  Ханифа  әһлі  қыбланы күпірге шығарған жоқ)  (деді), Имам  Малик  айтты «Кімнен тоқсан  тоғыз  түрі  күпірлік  ықтимал  етілетін болса  және  бір түрінде  иман  ықтимал  етілетін  болса   онда  оның  ісі  иманға  алынады » деді,  және  одан  да  басқа  Имам  Шафиғи, Имам Ашғари, Имам Ғазали, Имам Рази сияқты үлкен  ғұламалардың  бұл  тақырып  жайлы сөздері  өте  көп. Ғұламалардың  бұл  сөзі  мұсылмандарды  күпірлікке  шығаруға   асығудан сақтандырып  жатыр. Муслим (60).

عن ابن عمر أن النبي صلى الله عليه وسلم قال إذا كفر الرجل أخاه فقد باء بها أحدهما

Ибн Омардан (оған Алла разы болсын) (жеткен хадисте): Пайғамбар (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты:  «Егер бір кісі өз  бауырын  кәпірге шығаратын  болса, ақиқатында ол онымен екеуінің  біреуіне  қайтады»

عن عبد الله بن دينار أنه سمع ابن عمر يقول قال رسول الله صلى الله عليه وسلم أيما امرئ قال لأخيه يا كافر فقد باء بها أحدهما إن كان كما قال وإلا رجعت عليه

Абдуллаһ  ибн  Динардан (оған Алла разы болсын) (жеткен хадисте)  расында ол  Ибн  Омар (оған Алла разы болсын) дың  айтып  жатқанын  естіді: Алла  Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын)  айтты: Қандай да бір  кісі өз бауырына  (Ей  кәпір) дейтін болса, ақиқатында ол,  онымен екеуінің біреуіне  қайтады, егер  айтқанындай  болатын  болса, (егер  олай  болмаса)  өзіне  қайтады». Бухари  (391).

عن أنس بن مالك قال قال رسول الله صلى الله عليه وسلم من صلى صلاتنا واستقبل قبلتنا وأكل ذبيحتنا فذلك المسلم الذي له ذمة الله وذمة رسوله فلا تخفروا الله في ذمته

Анас ибн Маликтен (оған Алла разы болсын) (жеткен  хадисте): «Алла Елшісі (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) айтты»  деді:  Кім  біздін  намазымызды оқыса және қыбыламызға  жүзденсе  және  құрбандығымыздан жесе, ол  сондай  мұсылман  ол  үшін  Алла  және  Оның  Елшісінің  қорғауы  (болады), оның қорғауындағы  болған  (нәрседе) Аллаға  қиянат  қылмаңдар».

Данияр Байдуллаев,

«Кунта қажы» мешітінің наиб имамы

Бөлісу: