27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Тағдырдың өзгеруі не өзгермеуі

Тағдырдың өзгеруі не өзгермеуі

Иман келтіру

Алланың іліміне, құдіретіне және қалауына сүйенген тағдырдың өзгеруі мүмкін емес. Өйткені, оның затында және сипаттарында қандай да бір өзгеріс туралы ойлауға болмайды. Өзгеріс дегеннің барлығы жаратылғандарға қатысты.

Бірақ, адамның қалауына берілген бір жағдайда талабы, қалауы және талпынысына байланысты кейбір өзгерістердің болуы мүмкін. Алайда бұл өзгерістердің нелер екендігі және қандай бейнеде болатындығы туралы мәлімен Алланың ілімінде өзгермейді. Өйткені, уақыт пен мекеннің шектелмеген (пәк) Алла тағала болатын жәйтты, болған сияқты біледі, Оның ілімінде қандай да бір өзгеріс болмайды.

Кейбір ғалымдар адамның болашаққа қатысты ықтималдықтардың көптігін назарға ала отырып тағдырды «мүбрәм» және «муаллақ» түрінде екіге бөлуді ойлаған. Мүбрәм тағдыр өзгерістен адамның қалауынан тыс жүзеге асатын тағдырды, муаллақ тағдыр болса оның қалауы шеңберіндегі құбылыстарды білдіреді. Бұлай бөлу толықтай адамның білімі, қалауы және күшінің шектеулі болуына байланысты жағдай. Мысалы бір адам жол айрыққа келген кезде, алдындағы екі жолдың бірімен жүруі тең ықтималдықта. Адам қай жолмен жүретіндігін сол сәтте түйсігінен келген ішкі және сыртқы факторларға байланысты шешім шығарады. Адам баласы үшін бұлай болғанымен Алла үшін қандай да бір ықтималдық туралы айту мүмкін емес. Өйткені Ол, адам жолға енді ғана түскен кезде қайсысын таңдайтындығын және қайда баратындығын уақыт пен мекеннен тәуелсіз Иләһи (Тәңірлік) ілімімен біледі.

«Тағдырға иман» кітабынан

ummet.kz

Бөлісу: