26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

Періштелердің қоршауында болатын адам

Періштелердің қоршауында болатын адам

Иман келтіру

Құран Кәрім – барлық діни негіздердің бастауы. Адамның барлық рухани және материалдық қажеттіліктерін қамти отырып, екі дүние нығметтерін үйрететін ғылым, сондай-ақ, әмбебап, иләһи кітаптардың соңғысы.

Алланы еске алудың (зікірдің) ең үлкені – Құран. Ал бірге Құран оқып, Алланы еске алып отырған әйел мен еркек, қандай ғажап! Олармен бірге балалары да Алланың сөзін қайталап отырса тіптен тамаша емес пе? Мұндай отбасы тыныштыққа бөленеді екен және Алла оларды еске алады!

Ал, Құран оқыған адамдар періштелердің қоршауында қалады!

Хадисте: «Қай уақытта болмасын, адамдар Алланың үйлерінің бірінде жиналып, онда Алланың Кітабын оқыса, оларға әлбетте тыныштық түседі (орнайды), сондай-ақ оларды мейірім орап, оларды (жан-жақтарынан) періштелер қоршайды және Алла оларды, Өзінің алдарындағылардың ішінде еске алады» делінген (Муслим).

 

ummet.kz

Бөлісу: