25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Денеде жара болғанда қалай дәрет алған жөн?

Денеде жара болғанда қалай дәрет алған жөн?

Сұрақ-Жауап

Егер адамға сынған не жарасы бар мүшені дәрет немесе ғұсыл аларда жуу зиянды болса, таңғыштың бетін сулы қолымен бір сипаса жеткілікті. Яғни бір рет таңғыштың үстінен мәсіх тартады. Егер мұның өзі ауыр келсе, зиян тиетінін білсе, аталмыш жерді сол күйінде қалдырады. Бірақ дененің басқа сау мүшелері талапқа сай жуылуы керек. Бұл кіші дәрет пен ғұсылға бірдей жүретін үкім.

Осыған байланысты Әли ибн Әбу Талибтің (р.а) жеткізген хадисінде: «Менің білегім сынған болатын. Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.) кеңес сұрағанымда, ол маған таңғыш үстінен мәсіх тартуымды (ылғалды қолмен сүртуімді) бұйырды»[1] десе, тағы бір хадистә Жәбир (р.а) былай жеткізеді:

«Бірде басы жараланған күйінде ғұсыл алып, кейін қайтыс болған кісі туралы сұралғанда, Алла Елшісі (с.ғ.с.): Оған тәйәммум етуі, жарасына мата байлап, сол жерге мәсіх тартуы және денесінің қалған бөлігін жууы жеткілікті болар еді»[2] деген хадистер дәлел.

Ummet.kz


[1] Зәйлаи, Насбур-Рай, 1, 186.

[2] Шәуқани, Найлул-Әутар, 1, 258; «Ниса» сүресі, 43-аят

Бөлісу: