25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Үйімді қалай «тазаласам» болады?

Үйімді қалай «тазаласам» болады?

Сұрақ-Жауап

Сұрақ: Үйімді қалай «тазаласам» болады?

Жауап: Үйді жаман энергетикадан, жын-шайтандардан Құран Кәрім оқу арқылы тазартсаңыз болады. Құран сүрелері оқылған үйге періштелер келіп, шайтандар қашады. Құран Кәрімнің кез келген сүрелері мен аяттарын оқу арқылы үйде қолайлы, жайлы жағдай жасауға болатыны сөзсіз. Жын-шайтандардан, көз-тілден сақтайтын сүрелердің бірі ол – «Бақара» және «Әли Имран» сүрелері. Бұл сүрелерді ұзақ десеңіз, онда «Фатиха», «Аятүл Күрси», «Ықылас», «Фалақ» және «Нас» сүрелерін оқысаңыз болады.

Егер үйді немесе үй ішіндегілердің біреуін сиқырлаған болуы мүмкін деп күдіктенсеңіз, мұндай жағдайда жоғарыдағы сүрелермен қатар қосымша «Юнус» сүресінің 81-82 аяттары мен «Әл-Муминун» сүресінің 115-118 аяттарын дұға ретінде бірнеше мәрте қайталап оқуға кеңес береміз. Аталмыш сүрелерді және дұға-аяттарды арабша оқығаныңыз абзал. Арабша білмеген жағдайда audio нұсқасын тауып, үйде қостырып тындаған жөн.

Сондай-ақ, Алла Тағаланың 99 көркем есімдерін мағынасын түсіне отырып оқып жүріңіз. Мәселен, Алланың 99 көркем есімдерінің ішінде Әл-Халиму, Ар-Рақибу және Ар-Раззақу есімдерін атап тұрып жасалған дұға өте әсерлі келеді.

Соңында айтылатын ескертпе! Үй ішінің «таза» болуы, қарапайым тазалықтан басталады. Үйіңізде үнемі тазалық жүргізіп отырыңыз. Әсіресе ас ішетін бөлме (кухня) және дәретхана тазалығына аса мән беріңіз.

ummet.kz

Бөлісу: